Әкімдер есебі

Жолдар жөнделіп, ауызсу мәселесі шешіледі

Апта бойы ауылдық округ әкімдерінің есебінтыңдаған аудан әкімі Асқар Жүсібалиев өткен аптада аудандық Мәдениет үйінде қорытынды есеп беру жиынын өткізді.

Есептік кездесуге облыс әкімдігі аппараты жетекшісі Қайрат Райымқұлов, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, еңбек ардагерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Асқар Жүсібалиевтің бюджетке түсер кірістен басталған есептік баяндамасы жетістіктер тізбегіне ұласты. Бірнеше ауылда жолдар жөнделіп, жарық шамдар жарқырап тұр екен, барлық сала ілгерілеп, ауылдар даму үстінде көрінеді. Әсіресе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының жылдан-жылға дамып, әлеуметтік нысандар бой көтеріп, тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі шешіле бастағанын тілге тиек етті. Атап айтсақ, Бадамшада «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынып жатқан тұрғын үйлер қолданысқа берілуде. Сондай-ақ аудан басшысы Петропавл, Ш.Қалдаяқов, Бадамша ауылдарында аз қамтылған, көпбалалы отбасыларына арналған тұрғын үйлер бой көтеретінін де айтты.Жыл басынан бері 69 адам құқық бұзыпты, бұл былтырғыдан 25,5 пайызға аз екен.

Одан әрі жиын сұрақ-жауапқа ұласты. Кемпірсай-Жосалы, Бадамша бағытындағы жол мәселесін қозғаған Жанат Байкеновке аудан әкімі бұл жолдардың жөнделетінін айтты. Сондай-ақ Бадамша-Ақтөбе, Бадамша-Хромтау жолдарын да жаңарту қаралып жатқанын жеткізді. Бозтөбе ауылының тұрғындарын толғантқан ауызсу мәселесі шешілетін болды.

Есептік жиынға қатысқан облыстық мәслихат депутаттарыҚарғалыныңоблыс орталығын картоппен қамтамасыз ету мүмкіндігін, сонымен бірге аудандағымал жайылымының жайын сұрады. Сауалдарына аудан әкімінен жауап алған депутаттар жиыннан соң тұрғындарды жеке қабылдап, өзекті мәселелерді жоғары жаққа жеткізетіндерін айтты.

Бақыт ИМАШЕВ,

Қарғалыауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button