Әкімдер есебі

Алтықарасу мен еңбекшіге газ барады

Темір ауданының əкімі Саламат Аманбаев Қайыңды, Алтықарасу ауылдық округтерінде болып, тұрғындар алдында есеп беру кездесуін өткізді.
Жиын барысында әуелі ауданның өткен жылғы əлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен биылғы мақсат-міндеттері баяндалды. Артынша аудандық полиция бөлімінің басшысы Н.Зауланбаев мал ұрлығыналдын алуда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар ауданның бас дəрігері С.Жанахметов пен жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ.Сəлімгерей сөз сөйлеп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
Өз кезегінде аудан әкімі биыл Алтықарасу, Еңбекші ауылдарына газ тарту жұмыстары басталатынын атап өтті. Мұнымен бірге Еңбекші ауылына дейінгі жолды асфальттау жоспарланып отыр.
Кездесу соңында жеке қабылдау өткізілді. Темірліктер жер алу, жол жөндеу, көгілдір отынтарту мəселелерінкөтерді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button