Құқық

…Қызметтерінен босатылды

Тәртіптік кеңес

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы Нұрлан Сүйінбаевтың төрағалығымен Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыста бес мәселеге байланысты 7 тәртіптік іс қаралды. Ақтөбе қаласындағы №38 қазақ орта мектебінің бас есепшісі мен осы мекеменің есепшісіне және Ақтөбе қаласындағы №48 орта мектеп директоры мен осы білім ордасының есепшісіне қатысты қаралған тәртіптік істердің нәтижесінде кеңес мүшелері аталған қызметкерлерді жұмыстан шығару жайында шешім шығарды. Өйткені олар 2009-2010 жылдары еңбекақы төлеуге бөлінген қаражаттан асыра артық жалақы алу арқылы мемлекетке ақшалай залал тигізген. Құзырлы мекемелердің тексерісі нәтижесінде мемлекеттік қызметкерлер өздерінің материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде қызметтік өкілеттіктерін пайдаланған. Тексеру барысында екі аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талаптарының бұзылғандығы анықталды.

Сол сияқты, Тәртіптік кеңесте еден сыпырушыға еңбекақыны негізсіз артық төлеу арқылы шешімдер әзірлеу мен қабылдау кезінде жеке тұлғаға заңсыз артықшылықтар көрсетіп, Заң талаптарын бұзған Тобыл-Торғай экология департаментінің әкімшілік-құқықтық жұмыс бөлімінің бастығына қатысты да тәртіптік іс қаралды. Кеңес отырысында штаб мүшелері лауазымды тұлғаны қызметінен босатуға шешім шығарды.

Байғанин ауданы әкімі аппаратының басшысы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің жетекші маманының үстінен де тәртіптік іс қаралып, тиісті шешімдер шығарылды.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button