Басты жаңалықтар

Ақтөбеде ҚР Ұлттық гвардиясының 30 жылдығына арналған шара өтті

29 қаңтарда Ақтөбеде ҚР Ұлттық гвардиясының 30 жылдығына арналған шара өтіп, оған облыс әкімі Оңдасын Оразалин, мемлекеттік, құқық қорғау органдарының басшылары, ардагерлер және т.б. қатысты.
«Биыл ҚР Ұлттық гвардиясының құрылғанына 30 жыл толды. Өткен жылдар ішінде Ұлттық гвардия бейбітшілікті сақтап, елдің бүтіндігін қорғайтын, Тәуелсіздіктің сенімді тірегіне айналды. Қаңтар оқиғалары да Қазақстан республикасының Ұлттық гвардиясының күші мен қуатын дәлелдеді. Қиын кезде еліне адал батырлар елдегі тұрақтылықты сақтау үшін жан аямай, ержүректілікпен күресті.

Қазақстан республикасының Ұлттық гвардиясының құрылғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын. Қызметтеріңе табыс, зор денсаулық және отбастарыңа бақыт тілеймін. Осындай қайсар азаматты тәрбилегендері үшін ата-аналарына алғысымды білдіремін»,- деді Оңдасын Оразалин құттықтау сөзінде.
Шара аясында тақырыптық көрмелер, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, әскерилер марапатталды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button