Жаңалықтар

Редакцияга хат

Байланыс телефоны: 8(7132 55-11-11

ҚАШАН СПОРТТЫҚ КЕШЕН АШЫЛАДЫ?

 «Қаладағы Нұр Ақтөбе ауданы күн санап үлкейіп келеді. Құрылыс жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде мұнда 40 мыңға жуық тұрғын тұрады. Ауданда балалардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған спорттық үйірмелер жоқ. Қашан спорттық кешендер ашылады?» —  деп сауал қойды редакциямызға хабарласқан Нұр Ақтөбе шағын ауданының тұрғыны А.Тапесов.

РЕДАКЦИЯДАН:

Біз осы мәселеге байланысты Алматы ауданының әкімі Әміржан Оразғалиевке хабарласқан едік. Аудан әкімі былайша жауап берді:

— Биыл облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасымен Нұр Ақтөбе шағын ауданынан және Қызылжар тұрғын үй алабынан денешынықтыру-сауықтыру кешендерін салу жоспарланды. Бұл екі нысан аудан тұрғындарының қажеттілігін толық қамтамасыз етеді.

Қазір Нұр Ақтөбедегі спорт кешенінің жобалық-сметалық құжаттары дайын. Жоба құны — 424,735 миллион теңге. Ғимараттың ауданы 1195,43 шаршы метр болмақ. Енді құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы сұралуда. Бұл мәселе жақын арада шешілетін болады.

АВТОБУСТАР НЕЛІКТЕН СИРЕК ҚАТЫНАЙДЫ?

 — Таңертең жұмысқа барарда автобустарды ұзақ күтетініміз қынжылтады. Қоғамдық көліктердің қозғалысын бақылайтын трекинг арқылы қарасам, қалада №45 бағытта — 1, №40 бағытта екі-ақ автобус жүр. Жұмысқа жету үшін аялдамада бір сағат күтуге тура келеді. Бұл әсіресе қыс айында өте қиын, — дейді редакциямызға хабарласқан ақтөбелік тұрғын Нұрша Нөкісбайқызы.

РЕДАКЦИЯДАН: Бұл сұраққа Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басшысы Әділбек Таңкиев жауап берді:

Иә, бұл өте өзекті мәселе. Қазіргі таңда қалада автобус жүргізушілерінің жетіспеуіне байланысты көліктер аз шығуда. Алдағы бір аптаның ішінде қоғамдық көлік қозғалысы реттелетін болады. Автобустардың жүру уақытын жиілетуге тырысамыз. Әсіресе таңғы және кешкі уақытта адамдар жұмысқа барып-қайтатын кездерде автобустарды барынша жиілетеміз.

 Ақбота ҚАЛДЫБЕК.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button