Құқық

Шай емес, марихуана екен

Облыстық ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ағайынды Жұбановтар көшесінің бойында 25 жастағы қала тұрғынын құрықтады.

Жеке тінту кезінде полицейлер ішінде жасыл түсті өсімдік секілді өзіне тән исі бар зат салынған шай қораптарын тапты. Сараптама қорытындысы бойынша бұл зат   жалпы салмағы 1,122 келі марихуана есірткісі болды.

Ұсталған азаматтың түсіндіруінше, ол есірткіні Қызылорда қаласынан өзінің 31 жастағы танысы үшін алып келген. Қазір осы оқиғаға қатысты ҚР ҚК 259-бабы 1-1 тарауы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Күдікті азамат уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Лаура ЗАБИХ,

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button