Жаңалықтар

Редакцияға хат

ЖҰМЫССЫЗ АДАМҒА ҚАНДАЙ АҚЫСЫЗ КУРСТАР БАР?

 Айлун ЕҢСЕГЕНОВА,

Ақтөбе қаласының тұрғыны:

— Мамандығым бойынша тарих пәнінің мұғалімімін. Былтыр дипломымды алдым. Бірақ жұмыс таба алмай жүрмін. Сондықтан басқа жұмыстарды істеуге мәжбүрмін. Барлығы уақытша, жеңіл-желпі жұмыстар. Сұрайын дегенім, мемлекеттен маған қандай да бір көмек бола ма? Сосын әкімдік тарапынан қосымша курстар ұйымдастырыла ма? Ақысыз негіздегі аспаздық, тігіншілік сияқты курстар болса деп едім.

Редакциядан:

Оқырманымыздың аталған сұрағына Ақтөбе қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Мұрат Сейтенов төмендегідей жауап берді:

«Сіз өз мамандығыңыз бойынша бос жұмыс орындарын enbek.kz порталынан қарай аласыз. Егер ол жақта лайықты бос жұмыс орындары болмаса, «Жастар практикасы» жобасына қатысыңыз. Мұндағы мақсат — мамандығыңыз  бойынша бастапқы тәжірибе алу. Ұзақтығы — 6 ай.

Сондай-ақ жұмыспен қамту орталығында қысқа мерзімді курстар да бар. Оқу тегін, шәкіртақы төленеді. Аспаздық, кондитер, шаштараз, тігіншілік, бала күтуші сияқты курстар. Бірақ биылдыққа бұл жоба аяқталды. Келесі жылы қайта басталады деп күтіп отырмыз.

Толық ақпаратты біздің орталыққа келіп, ала аласыз. Мекенжайымыз: Некрасов көшесі, 112-үй».

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button