Тәуелсіздік — 30

«Академия балмұздақтары» — жүлдегер

Өткен сенбі күні Ақтөбе қаласындағы Студенттер сарайында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жастар арасында қазақша КВН ойындары өтті.

Көпшілікке «Жайдарман» ойындары ретінде таныс шара облыстық ішкі саясат басқармасының мұрындық болуымен өткізілді. Ұйымдастырушы — «Қазақстан КВН одағының» Ақтөбе филиалы.

Әзіл-оспақ сайысына 12-28 жас аралығындағы жігіттер мен қыздардан құралған барлығы 19 команда қатысты. Өз кезегінде олардың аяқ алысын, сахнадағы ойынын атқарушы билік өкілдері, жергілікті мәслихат депутаттары, журналистер мен  әзілкештерден тұратын қазылар алқасы бағалады. Кешті жүргізген —  жерлесіміз Есен Елеукен.

Ойын қорытындысы бойынша бас жүлдеге «Академия балмұздақтары» командасы лайық деп танылды. II орыннан «Осал емес» тобы көрінсе, үздік үштікті «Бізде осы» мен «Алтықарасу жастары» командалары өзара бөлісті. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге кубок, медаль, ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button