Тәуелсіздік — 30

Отызында кәсіп ашқан он төрт жас

Тәуелсіздік құрдастары

Биыл Қазақстан тәуелсіздігіне — 30 жыл. Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде Елбасының тапсырмасына сәйкес жұмыссыздықты болдырмау мақсатында көптеген жаңашылдықтар енгізіліп келеді.

2011-2017 жылдары 9 мыңға жуық жұмыссыз, 2017-2021 жылдары 17 мыңға жуық жұмыссыз бен өзін-өзі қамтушы әлеуметтік бағдарламалармен, белсенді  шаралармен қамтылды.

Жыл өткен сайын жастар жұмыспен қамтылып, оқушылар мен студенттердің бос уақытының тиімді пайдалануы жолға қойылды. Бүгінде кәсіпкерлікпен айналысуға шағыннесие, гранттар берілуде.Айта кетейін, қазіргі таңда жұмыспен қамту орталығына бармай-ақ, е-gov электронды үкімет порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелуге болады, ол үшін электронды цифрлық қолтаңба болуы қажет.Осы портал арқылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш беру қарастырылған.

1991 жылдың 16 желтоқсаны— тәуелсіздіктің таңы атқан күн. Жұмыс барысында біз әлеуметтік мемлекеттік бағдарламаларға қатысқан тәуелсіздік құрдастарынаТалдау жүргізіп көрген едік. Жұмыспен қамтылған 6470 жастың 363-і — тәуелсіздіктің төл құрдасы екен. Олардың 16-сы — «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік курсын оқып, 14-і қайтарымсыз грантқа ие болды. Алтауы қоғамдық жұмысқа,  үшеуі әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіліп, 324-і тұрақты жұмысқа орналасты. Мысалы, қысқа мерзімді курста кәсіптің әліппесін оқыған тәуелсіздік құрдасы — көпбалалы ана Самал Сарина 583 400 теңге көлеміндегі мемлекеттік қайтарымсыз грантқа қол жеткізді. Шаштараз мамандығын меңгерген ол қажетті жабдықтарын сатып алып, «Самал» әсемдік салонын ашты.

Тәуелсіздіктің құрдасы Гүлайым Есентүгелова да бүгінде көпбалалы ана. Ол да «Бастау-Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері курсын оқып, 583 400 теңге көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант жеңіп алып, «Інжу» тігін цехына  қажетті құралдарын сатып алды.

Отыз жасында қайтарымсыз грантқа ие болған 14 жастың бәрі де қазіргі таңда кәсіптерін дөңгелетіп, отбасын кедейшілік шегінен шығарып, сүйікті істерімен айналысып отыр.

Алтынай МАХАНОВА,

Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button