Жаңалықтар

Қоймадағы картоптың сапасы қандай?

Апта сайын«Пригородное» ЖШС көкөніс қоймасынан «Анвар» және «Дина» супермаркеттерінің қоймасына 10 тонна картоп және 5 тонна сәбіз жөнелтіледі. Ал бұл өнімдер кейін ақтөбеліктерге әлеуметтік баға негізінде сатылады.

Дүйсенбі күні облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ұйымдастырған баспасөз туры барысында журналистерге тұрақтандыру қоры қоймасындағы көкөністердің сақталу сапасы мен супермаркет қоймасына жөнелтілу жолдары көрсетілді.

Бұл турды ұйымдастырудың негізгі мақсаты — кейбір бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде «Анвар» және «Дина» сауда желілерінде арзандатылған бағада сатылып жатқан картоптың сапасыз екендігі туралы ақпараттың жариялануы.

— «Пригородное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі тұрақтандыру қоры қоймасында сақталып жатқан картоптың сапасы, өздеріңіз көріп тұрғандай, жақсы. Қаладағы супермаркеттер мен 10-нан астам дүкенге аптасына 10 тоннаға жуық картоп, 5 тоннаға жуық сәбіз жөнелтіледі. Мұнда картоптың 3 сорты сақталуда. Барлығы өзіміздің жергілікті өнімдер, — деді «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы агроөнеркәсіптік кешен және азық-түлік қауіпсіздігідепартаментініңдиректоры Рақымжан Низамутдинов.

Бүгінде бұл қоймада картоптың 1200-ден астам тоннасы сақтаулы. Қойма басшылығы өнімдердің барлығы жөнелтілер тұста іріктелетінін айтады.

Көпшіліктің ашуы мен әлеуметтік желілерде талқы тудырған мәселенің шығуы супермаркет қоймаларында картоп өнімдерінің дұрыс сақталмауынан болуы мүмкін», — деген болжам айтты ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button