Басты жаңалықтар

Азаматтық қорғаныс іс-шараларын профилактикалық бақылау толық орындалды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен облыстық лаңкестікке қарсы комиссия мен төтенше жағдайды ескерту және жою комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Онда азаматтық қорғаныс пен хабардар ету жүйесін жаңғырту шараларының орындалу мәселесі қаралды.
Төтенше жағдайлар департаменті мәліметтері бойынша биыл облыста азаматтық қорғаныс іс-шараларын профилактикалық бақылау 100% орындалған. Атап айтқанда, облыстың азаматтық қорғаныс жоспарына түзетулер енгізілді, облыстық азаматтық қорғаныс қызметтерін құру туралы шешім қайтадан шығарылды, «Қорғау-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы, Алға және Мәртөк аудандарында кешенді оқу-жаттығулары өткізілді, халықтың жұқтыру ықтималдығы аймағын қайта есептеу, азаматтық қорғаныс айлығы, азаматтық қорғаныс құрылыстарын түгендеу жүргізілді және т.б. жұмыстар жасалды.
Сондай-ақ отырыс кезінде ескі және апатты жағдайдағы ғимараттар мен құрылыс нысандарының проблемасы сөз болды.
2011 жылдан бастап республикалық бюджеттен бөлінген қаражат, сондай-ақ пәтер иелерінің қайтарымды қаражаты есебінен жалпы сомасы 3,2 миллиард теңгеге 183 көп қабатты тұрғын үй күрделі жөнделді.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Осы жылы Ақтөбе қаласының 2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы бекітілген болатын.
Бұдан бөлек комиссия мүшелері дәстүрлі емес діни ағымдардың салдарымен жүргізілген жұмыстардың биылғы тоғыз ай ішіндегі қорытындысы бойынша нәтижесін, сонымен қатар әскери бөлімдер, қорғаныс департаменті саласы, Әуе қорғаныс күштерінің әскери институтының қызметкерлері арасында діни экстремизм мен терроризм тұрғысындағы атқарылған профилактикалық жұмыстар барысын қарады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button