Тәуелсіздік — 30

Киелі жерлерге саяхат                                        

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын насихаттау мақсатында Ақтөбе қаласындағы М.Дулатұлы атындағы №63 орта мектеп-лицейінің 9-сынып оқушылары Есет батыр кесенесіне саяхат жасады.

Оқушылар Есет Көкіұлының өмір жолымен және ерліктерімен танысып, білімдерін кеңейтті. Батыр бабаның рухына тағзым етіп, ерекше әсермен оралды.

Сондай-ақ мектебіміздің 10-сынып оқушылары тарих пен тағылымға толы күллі түркі-мұсылман халықтарының киелі мекені Түркістан қаласына да саяхат жасап қайтты. Киелі Түркістан қаласының менмұндалаған әсем мешіттері мен кесенелері, тарихи жәдігер­лері мен музейлері халқымыздың рухани мұрасының сарқылмас қазынасы екені белгілі. Ежелгі қазақ хандығының астанасы болған Түркістанның пайда болу тарихын оқушыларға  дәріптеу, оларды ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды құрметтеуге тәрбиелеуде саяхаттың берері мол болды.

А.КУЛБАСОВА,

№63 орта мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button