Жаңалықтар

Жарты ғасыр біргемін!

Ғалымжан БАЙДЕРБЕС,

«Қос Шынар» Әлия-Мәншүк қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Баспасөз — 2022

Ол кезде облыстық «Ақтөбе» газеті «Коммунизм жолы» деп аталатын. Бұл — өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының бас кезі. Мен облыстық мектеп-интернатта мұғалім-тәрбиеші болып қызмет атқарып жүргенмін.

Бір күні белгілі журналист Нұқы Қартбайұлымен кездесіп қалдым. Әңгімелесе келе, ол маған «егер танымал болғың келсе, газетке мақала жазып жүр» деп кеңес берді. Осы бірауыз сөз маған қатты әсер етті.

Ең бастысы, облыстық газеттің тұрақты оқырманына айналдым. Міне, жарты ғасыр бойы баспасөзбен байланысым үзілген емес.

Кейін Қобда ауданында ұзақ жыл қызмет атқардым. Әлия Молдағұлова атындағы арнаулы мамандандырылған шаруашылық бірлестігінің партком хатшысы болған жылдарымда ауданға келген журналистермен жиі жолығысып, пікірлесетінмін.

Одан берегіректе батыр қызымыз Әлияның музейіне жетекшілік етіп, бірыңғай рухани салада еңбек еткенімде бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысым нығая түсті. Әсіресе, облыстық «Ақтөбе» газеті біздің атқарған жұмыстарымызды, ерлік пен елдік, отаншылдық ауқымындағы іс-шараларымызды тұрақты жариялап тұрды. Ара-арасында өзім де патриоттық тақырыпта мақалалар жазып тұрдым.

Сондықтан да газет — менің өмірлік серігім. «Ақтөбе» газетін алдағы жылы да алдырып оқитын боламын және замандастарымды баспасөзге жазылуға шақырамын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button