Рухани жаңғыру

Киелі мекенге саяхат

Шалқар ауданындағы Қауылжыр ауылдық округінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында экскурсия ұйымдастырылды.  

Экскурсия аудандық жастар ресурстық орталығының және Қауылжыр ауылдық округі әкімі аппаратының бірлесе ұйымдастырумен аталған округке қарасты 14 шақырым жерде орналасқан Қайдауыл Едігеұлының кесенесіне жасалды. Шараға Ақтоғай, Бершүгір, Мөңке би ауылдық округінің жастары да белсене қатысты.

Шара барысында батырдың алтыншы ұрпағы Сағынай Жақапов жастарға Қазақ елінің ержүрек батыры, ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткерінің тарихын кеңінен баяндады.

Экскурсиядан соң Қайдауыл ауылында жастар арасында қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу мақсатында асық ату, ләңгі тебу, қол күресі және арқан тартудан жарыстар ұйымдастырылды. Табиғат аясында өткізілген шараға жастар аса қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты.

Шара соңында аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Жанна Әбденова қортынды сөз сөйлеп, қатысқан жастарға алғысын білдірді. Сондай-ақ  жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлерге ауыл әкімінің дипломы мен сыйлықтарын табыстады.

Ауданның киелі жерлері мен тарихи тұлғаларын жастар арасында кеңінен насихаттап, ұлықтау мақсатында қолға алынған шара өзге елді мекендерде де жалғасын табатын болады.

А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button