Жаңалықтар

Тексеру үшін штрихкод пайдаланылады

Шолып тексеру — мемлекеттік кірістер органдарына келіп түскен шағымдар бойынша мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының арнайы бейнебақылау және фотофиксация құралдарын қолдана отырып, жабық базарлардың, сауда үйлерінің, дүкендердің, павильондардың аумақтарын қараптексеруді көздейтін мемлекеттік бақылаудың бір түрі.

Салық төлеушілерді әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде шолып тексеру жүргізу үшін мемлекеттік кірістер органы әзірлейтін штрих-код (QR-код) пайдаланылады.

Пилоттық жоба жабық базарлар, сауда үйлері, дүкендер, павильондар аумағында еліміздегі көтерме және бөлшек сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылады. Салық төлеушілерді шолып тексеру арқылы әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жоба ел аумағында іске асырылады.

Шолып тексеру жүргізу үшін әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жоба басталған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде, егер жеке немесе заңды тұлға Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін құрылса, құрылған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде: штрих-кодты (QR-кодты) Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің веб-порталы арқылы алады (https://kgd.gov.kz). Әуелі белсенді терезеде жеке сәйкестендіру нөмірін немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірін, бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірін енгізіп,«Код жасау» батырмасын басу және басып шығару арқылы жүзеге асырылады,штрих-кодты (QR-код) БКМ тұрған жерлерге орналастырады.

Штрих-кодта (QR-код) ЖСН/БСН, салық төлеушінің толық атауы, салық төлеушінің орналасқан мекенжайы, алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензияның болуы немесе болмауы, БКМ тіркеу нөмірі, салық төлеушінің мәртебесі (қолданыстағы, әрекетсіз, қызметті тоқтата тұру)секілді ақпараттар қамтылады.
Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button