Елбасы стратегиясы – жарқын болашаққа жол
Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы елеулі күні өзініңТұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жасқа келген мерейтойы және жаңа астананың құрылғанына 22 жыл толуы атап өтіледі. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірінші ұлттық сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыра білді. Қабылданған шаралар айқын нәтижелер берді және азаматтардың әл-ауқатын арттырды.
Қазақстан бірқатар бағдарлама қабылдады. Оның ішінде 2050 жылға қарай Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуын қамтамасыз етудің нақты шаралары көрсетілген «Қазақстан – 2050» стратегиясын ерекше атап өткен жөн. Бүгінгі таңда Қазақстан 350 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция келетін сауда үшін ең қолайлы елдердің бірі. Дағдарыс жағдайында маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін Ұлттық қорда үлкен қаржы ресурстарын жинай алды.
Қысқа мерзім ішінде Қазақстан заманауи дамыған мемлекетке айналды, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Қазіргі уақытта ел халқы 19 миллион адам болды, ал өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа жетті. ІЖӨ деңгейі жан басына шаққанда 11,2 мыңдолларды құрады.
Сауаттылық деңгейі 99,8 пайызға жетті. Қазіргі уақытта Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Бизнесті жүргізу» индексі бойынша 190 елдің ішінде 25-орында, ал адами даму индексі бойынша 58-орында.
Этносаралық және дінаралық қатынастарды, толеранттылық пен келісімді үйлестіру – осының бәрі Қазақстанның ішкі саясатының негізі және басты бағыттарының бірі. 1992 жылы Н.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды, оның негізгі мақсаты – азаматтардың ұлтына, тіліне, діні ненемессе әлеуметтік топтарға мүшелігіне қарамастан, құқығы мен бостандығының теңдігін қамтамасыз ету.
Н.Назарбаев ішкі әлеуметтік-экономикалық реформаларды сәтті жүзеге асыру үшін қолайлы халықаралық жағдайларды туғызуға ерекше мән берді. Қазақстан теңдестірілген көп векторлы саясат жүргізеді, оның мәні барлық елдермен өзара тиімді ынтымақтастықты орнату және дамыту болып саналады. Мұндай саясат Ресеймен, Қытаймен, АҚШ-пен, ЕО-мен, Ислам әлемінің елдерімен стратегиялық және кеңейтілген серіктестік орнатуға және әлемнің барлық елімен достық қатынастар орнатуға көмектесті.
Қазақстан ядролық қарусыздану және таратпау саласында көшбасшы болды. Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды. Қазақстан Кеңес Одағынан мұра болған әлемдегі төртінші үлкен ядролық әлеуеттен өз еркімен бас тартты. Қазақстан мен оның көршілері ядролық қарудан азат болған Орталық Азия аймағын құрды.
Қазақстан әлемде және аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға белсенді түрде үлес қосуда. Атап айтқанда, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын, Ислам ынтымақтастық ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымын басқарды.
Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет ретінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағытұрақты емес мүшесі ретінде сайланды. «Астана процесі» Сириядағы жағдайды қалыптастыруға ықпалын тигізді. Бүгінгі таңда Сирия үкіметі мен Сирияның қарулы оппозициясы арасындағы келіссөздер процесінде маңызды кедергілерді еңсеруге көмектескен оннан астам раунд өткізілді.
Президенттің Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін өткізу туралы бастамасы арқылы дінаралық үн қатысуды ілгерілету – Қазақстанның адам құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға ұмтылысының айғағы.
Қазақстанның жаңа заманауи астанасын құру идеясы Нұрсұлтан Назарбаевқатиесілі. Ол бұл бастаманы 1994 жылдың 6 шілдесінде қабылдады және Қазақстан Парламенті елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру идеясын қолдады.
Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз елдің нағыз бейнесіне, Қазақстан азаматтарының мақтанышына айналған жаңа астананың құрылысы мен дамуына айтарлықтай үлес қосты. Парламенттің бастамасымен шешімі бойынша, халықтың қолдауымен 2019 жылы елдің жаңа астанасы оның негізін қалаушының құрметіне Нұр-Сұлтан аталды.
Нұр-Сұлтан Еуразия құрлығының орталығында сәтті орналасқандықтан, оны экономикалық жағынан тиімді көлік, коммуникация және логистикалық орталық және Еуропа мен Азия арасындағытабиғи көпір ретінде қарастыруға болады.
Нұр-Сұлтанның сәулет тұжырымдамасы Н.Назарбаевтың идеясына негізделді. Қаланың ерекше еуразиялық стилі – Шығыс пен Батыстың мәдени дәстүрлерін үйлесімді түрде үйлестірілуі. Әйгілі жапон сәулетшісі Кишо Курокава – елорда бас жоспарының авторы.
Белгілі британдық сәулетші Норман Фостер қаладағы көптеген ғимараттарды жобалаған. 1999 жылыНұр-Сұлтан ЮНЕСКО-ның Әлем қаласы атағына ие болды.
Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан – көптеген халықаралық форумдардың, конгрестердің және басқа іс-шаралардың өтетін орталығы. Қалада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, Астана экономикалық форумы және басқа да форумдар үнемі өткізіліп тұрады. 2010 жылдың желтоқсанында Қазақстанның астанасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыныңт арихи саммиті өтті, кейін Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Ислам ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммиттері өткізілді. 2011 жылы 7-ші қысқы Азия ойындарының қатысушылары мен қонақтары қарсы алынды. 2017 жылы Астанада халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесін, ал 2018 жылы ИЫҰ ғылым және технологиялар саммиті өтті.
Тәуелсіз Қазақстанның көптеген салалардағы жетістігі – Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қажырлы еңбегі мен күшті саяси ерік-жігерінің нәтижесі.
2019 жылы наурызда Нұрсұлтан Назарбаев 30 жыл Қазақстан Президенті болғаннан кейін өз еркімен отставкаға кетті. Ол өзінің болашақ міндетін елде болып жатқан қайта құруды жалғастыратын жаңа көшбасшылар ұрпағының келуін қамтамасыз етуден көретінін мәлімдеді. Мемлекет басшысының бұл маңызды шешімі оның саясаткер ретіндегі ұлылығын көрсетті. Жоғары деңгейдегі ойшыл Қазақстанның болашағына шынайы алаңдаушылығын байқатты.
Нұрсұлтан Назарбаев елдің Елбасысы, яғни ұлт көшбасшысы болып қала береді. Сонымен қатар ол Қауіпсіздік КеңесініңТөрағасы, Nur Otan партиясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы және Конституциялық Кеңестің мүшесі болып табылады. Стратегиялық шешімдерді әзірлеу мен қабылдауда Елбасының беделді пікірі ерекше маңызға ие.
2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтіп, 12 маусымда Қасым-ЖомартТоқаев Президент лауазымына сайланды. Қазақстанда билік тыныш, жанжалсыз түрде берілді, бұл ішкі тұрақтылық пен Қазақстанның халықаралық беделін нығайтудың қуатты факторы болып саналады.
Қазақстанның жаңа Президенті Қасым-ЖомартТоқаев өзінің кіріспе сөзінде Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатындағы барлық басымдық пен мақсаттарға одан әрі қолдау көрсетілетінін және іске асырылатынын мәлімдеді. Қазақстан барлық елдермен достық қарым-қатынастарды сенімділік, ашықтық, болжамдылық және өзара мүдделер қағидаттарына негізделуін жалғастырады.
The Ethiopian Herald газеті,
21 маусым, 2020 жыл.