Жаңалықтар

Қала көшелері жарқырап тұрады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин түнгі қаланы аралап, шаһарда жасалып жатқан жұмыстармен танысты. Алдымен өңір басшысы 8 наурыз көшесіндегі көппәтерлі үйлердің аулаларын жарықтандыру және  асфальттау жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта теміржол вокзалы маңайындағы көшелерді жөндеу қарқынды жүргізіліп жатыр.
8 наурыз көшесінде жарықтандыру желілерімен 12 аула қамтамасыз етіледі. «АМК Жарық» ЖШС мердігерлік ұйымының өкілі Бекмұрат Жолмұратов жұмыстың штаттық режимде жүріп жатқанын айтады. Жалпы қала бойынша «АМК Жарық» ЖШС 200-ден астам ауланы жарықтандыру бойынша жобаларды жүзеге асырып жатыр.
Сонымен қатар қалада бірқатар үйдің қасбеттерін сәнді жарықтандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 140-қа жуық көп қабатты үйдің қасбетін жарықпен қамтамасыз ету жоспарланған. Облыс әкімі Ә.Молдағұлова даңғылы бойында орналасқан 5-шағын аудандағы көпірден Сәңкібай батыр даңғылына дейінгі декоративтік жарықпен безендірілетін үйлер жобасының іске асырылу барысын қарап шықты. Осындай жұмыстар Әбілқайыр хан даңғылы бойында Ә.Молдағұлова даңғылынан Абай даңғылына дейінгі учаскеде жүргізілетін болады.
Айта кету керек, үйлердің қасбеттерін илюминациялық безендіру жобасы ескірген көше шамдарын үнемдегіш заманауи жарық диодты шамдарға ауыстыру нәтижесінде үнемделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Облыс әкімі сапаға ерекше көңіл бөліп, осы бағыттағы жұмыстарды желтоқсан айына дейін толық аяқтауды тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button