Жастар

Қайырымдылық кеші

«Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында «Ақтөбе қайырымды жандар» еріктілер тобының ұйымдастырумен «Ертегілер әлемі атты» қайырымдылық кеші өтті.

Ақтөбе қаласындағы «Харекет» дәмханасында өткен кешке «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан 40-қа жуық бала қатысты.

— Бүгінгі шараның басты мақсаты — тағдыр тәлкегімен сырқатқа ұшыраған, қиын жағдайдағы балалардың жүзіне бір сәтке болса да қуаныш сыйлау. Сонымен қатар көпшілікке мейірімділік, қайырымдылық, өмірге деген құлшынысты насихаттай отырып, көмекке мұқтаж жандарға көмектесу. 

Жалпы, «Ақтөбе қайырымды жандар» еріктілер тобының құрылғанына 5 жыл болды. Біз осы жылдар ішінде қарттар, жетім балалар үйінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап шаралар ұйымдастырып келеміз.

Әрине, қайырымдылдық кештері халықтың көмегімен ұйымдастырылады. Бізге қаржы жағынан қол ұшын беретін жүрегі жомарт азаматтарға ризашылығымызды білдіреміз.

Биыл жыл соңында дәстүрге айналған «100 ата-әже» қайырымдылық кешін өткізуді жоспарлап отырмыз, — дейді топ жетекшісінің орынбасары Еламан Байғозин.

Шара барысында балғындардың көңіл-күйін көтеретін арнайы бағдарлама ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар тарту етілді.

А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button