Рухани жаңғыру

Туған өлке табиғатына саяхат

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Киелі жерлер географиясы» арнайы жобасы аясында және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шалқар ауданындағы Ақтоғай ауылдық округінің әкімі аппараты жастар ресурстық орталығының өкілдерімен бірлесіп «Туған өлке табиғатына саяхат» атты шара өткізді.

Шарада Ақтоғай, Бершүгір, Мөңке би ауылдық округтерінің жастарына экскурсия жасалды. Экскурсия барысында олар Ораз би Тәтеұлының кесенесіне барды.

Ақтоғай ауылдық округінің әкімі Е.Құрмаш және кітапханашы Г.Сүйінбаева заманында болыс би болған ұлы тұлға туралы толық ақпарат беріп, жастарға   тарихын кеңінен баяндады.

Шараның екінші бөлігінде туған өлке табиғатына саяхат ұйымдастырылып, жастар арасында спорттық ойындар өткізілді. Белсенді жастарға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button