Жаңалықтар

Жағдайы төмен отбасыларға көмек берді

Облыстық орталық мешітте 60-қа жуық отбасыға көмек көрсетілді.

Бұл көмек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» бөлімінің біздің облыстағы жауапты өкілі Алмат Әли мен облыстық «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Қошқарованың мұрындық болуымен, дәстүрлі түрде өтетін «Қайырымды жұма» акциясы аясында ұйымдастырылды. Аталған шараға дін жанашырлары демеуші болды. Облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы мешітке келіп өтініш білдірген жағдайы төмен 27 отбасыға азық-түлік қоржындарын таратты. Барлығы 432 кг болатын азық-түлік берілді.

Сонымен қатар бас имам қайырымдылыққа үлес қосқан дін жанашырларына алғысын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі. Айта кетсек, одан өзге «Жылулық сыйла» жобасы аясында да 30 отбасыға күзгі киімдер таратылған еді. Сондай-ақ бір отбасыға 25 мың теңге көлеміндегі пәтерақысы төленіп берілді.

 Ақтолқын ТАЖИКОВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button