БілімБасты жаңалықтар

Олимпиада жеңімпаздарын құттықтады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары — ақтөбелік Рустам Валеев пен Ернар Батыржановқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау хатын және бағалы сыйлықтар табыс етті.

Биыл Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі ел тарихында тұңғыш рет 1996 жылдан бері өткізіліп келе жатқан география пәні бойынша халықаралық олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды.

Ақтөбелік оқушы 46 мемлекеттен қатысқан 200 баланың арасынан үздік атанды. Олимпиада Стамбұлда ұйымдастырылған, алайда эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн түрде өтті.

Ал «Білім–инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы Ернар Батыржанов 18-23 шілде аралығында Португалияның Лиссабон қаласында онлайн форматта өткен халықаралық биология олимпиадасында (IBO) жақсы нәтиже көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Олимпиадаға 70 елден барлығы 300 оқушы қатысқан.

Кездесу барысында білім саласын дамыту, дарынды балалармен жұмыс істеу, оқушыларды пәндік олимпиадаларға даярлау сияқты мәселелер талқыланды.

Облыс әкімі балаларға оқуда табысты болып, ел игілігі үшін жемісті қызмет ете берулерін тіледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button