Жаңалықтар

Шабындық көбелегінен құтылдық па?

Облыста агроқұрылымдар мен жергілікті атқарушы органдардың дер кезінде қабылдаған шараларының арқасында ауылшаруашылығы өнімдерін шабындық көбелегінен сақтап қалу мүмкіндігі туды.

Бұл туралы дүйсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында республикалық  фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының Ақтөбе облыстық филиалының басшысы Ғарифолла Жолаев пен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Аптиев хабарлады. Олар шабындық көбелегінің салдарынан айтарлықтай шығын болмағанын айтады.

— Шабындық көбелегінің таралуы бойынша біздің мекеме тарапынан күнделікті бақылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған дейін облыс бойынша шаруа қожалықтарындағы 40 мың гектар жерге, мемлекет қорындағы 1800 гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда шабындық көбелегінің дамуы байқалмайды. Бұның басты себебі — ауа райы. Егер күн райы қайтадан күрт жылынып, шабындық көбелегі қайтадан таралып кетіп жатса, химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге құрылғылар дайын, — деді Ғарифолла Жолаев.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Аптиев  шабындық көбелегінің көбеюі үшінші кезеңде тоқтағанын айтады. Алдағы уақытта да оның қайтадан шығуы екіталай. Ал егер шабындық көбелегінің белгісі қайтадан пайда болған жағдайда облыстың шұғыл алдын алуға мүмкіндігі бар.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button