Жаңалықтар

Алдын алу маңызды

Биылғы Жолдауда «Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресті жалғастыру қажет» деп атап көрсетілді. Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес  мемлекеттік қызмет және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалар мен Әдеп кодексінің сақталуы жөніндегі жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.

Департаменттің фойесінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері үшін жәшік орнатылды және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес — басты міндет» атты ақпаратты стенд жасақталды. Осы стендте сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  жадынамалар  тұрақты түрде жаңартылып тұрады және  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жазалау мерзімі және  пара алу мен пара берудің  жазаланушылығы туралы хабарландыру тұрақты айтылады.

Аудит нысанына шығар алдында аудиторларға Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен  «Қазақстан Республикасының  мемлекеттік қызметі  туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарын түсіндіру-алдын алу нұсқаулығы жүргізіледі.

Департамент қызметкерлері аудит жүргізген мекеме-кәсіпорындарда аудит шаралары аяқталған бойда қызметкерлермен аудит қорытындыларын талқылай отырып, семинарлар өткізеді.

Аудит нысаны жетекшілерінің жауапкершілігін арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Ырғыз, Қарғалы, Мұғалжар, Әйтеке би, Қобда, Байғанин, Темір және Мәртөк аудандарында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы»  Заңының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша семинар-кеңестер өткізілді.

Департамент басшысының орынбасары Мұрат Мұхаметрахимов «Ақтөбе – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде «Antikor Live» бағдарламасы шеңберінде облыс тұрғындарына департаменттің алдында тұрған функциялар мен міндеттерді  түсіндіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  бойынша жүргізіліп жатқан шаралар тұрғысынан  тікелей эфирде  сұхбат берді.

Жеке және заңды тұлғалардан   түскен өтініштер өз құзыреті шегінде қаралады.

Департаментте бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттері үшін тікелей басшылардың жеке жауапты болатыны туралы хабардар етілді.

Департаменттегі  ішкі талдау жүргізетін жұмыс тобы барлық бөлімдердің өткен жартыжылдағы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі және талдау нәтижелері қорытындыланып, анықтама жасалады.

Мемлекеттік қызметшілерге жемқорлыққа төзбеушілікті  көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайтуға бағытталған  бейнероликтер  жиі көрсетіліп  тұрады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес және  сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық  жасау үшін барлық алғышарттарға  жол бермеу үшін  департамент атынан  әлеуметтік желі түрлері ашылды.

Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан Мемлекеттік қызмет және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар алдағы уақытта да  жалғасын табатын болады.

А.ДАРЖАНОВА,

Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті персоналмен жұмыс және қызметті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button