Жаңалықтар

«Ақтөбе облысы бойынша 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы  және санитариялық-профилактикалық  іс-шараларды жүргізу туралы»

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ  БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ  АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІРЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ  БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ

ҚАУЛЫ

27.08.2021 ж.

Ақтөбе қаласы

«Ақтөбе облысы бойынша 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі

санитариялық-эпидемияға қарсы  және санитариялық-профилактикалық  іс-шараларды жүргізу туралы»

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7- тармақтарын және Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамызындағы №36, 2021 жылғы 26 тамызындағы №37 қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамызындағы №36 қаулысының 1, 2 және 3-қосымшаларындағы талаптарында көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтаған жағдайда 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқуға рұқсат етілсін.
  2. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысының (20.08.2021ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) қосымшасындағы 11, 20 тармақтар алынып тасталсын.
  3. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдері, Ақтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы, меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілері қамтамасыз етсін:

1) 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта келесідей жағдайда оқыту:

– педагогтар мен персоналдың 100% вакцинациялануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19 ауырып сауыққан адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда);

– ұйымға кіру кезінде «Ashyq» қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналдарды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы білім алатындарды, келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу);

– маска режимін сақтау;

– рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету;

– үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру;

– үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау;

– педагогтарды, персоналды және білім алушыларды күнделікті «кіру» сүзгісін жүргізу (байланыссыз термометрмен термометрия);

– бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.);

– мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып, іс-шаралар өткізуге тыйым салу;

– зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау;

– бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлектендіру жағдайында (сабақтың басталу уақыты бойынша ең жоғары мүмкіндікті ескере отырып) оқыту;

2) асханада ауа рециркуляторлары қондырғыларымен қамтамасыз ете отырып, тамақтанудың ұйымдастырылуына бақылауды күшейту;

3) бөгде адамдардың кіруіне тыйым сала отырып, COVID-19-ға қарсы вакцинация алған (18 жасқа толмаған, сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып сауыққан студенттерді жатақханаға орналастыруға жол беріледі) студенттерді жатақханаға орналастыруды;

4) оқу орны бойынша аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде (жылжымалы егу пункттерін немесе көшпелі егу бригадаларын қоса алғанда) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын (екінші компонентпен) аяқтамаған студенттерге вакцинация жүргізуді ұйымдастыруды;

5) шетелдік студенттерді:

– тұрғылықты елдің уәкілетті органымен анықтамамен/паспортпен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы;

– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей ПТР әдісімен алынған COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтиже бар болған жағдайда күндізгі оқу форматына жіберуді;

6) медициналық колледждер мен М. Оспанов атындағы Батыс- Қазақстан медициналық университетінің клиникалық базаларына, облыстың емдеу- профилактикалық ұйымдарына студенттерді вакцинациялау паспортымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы бар болған кезде  (сауыққаннан кейін 3 ай ішінде COVID-19-мен ауырып жазылғандарды, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қол қойылған хабардар етілген келісімі болған кезде рұқсат етілгендерді қоспағанда) кіруіне рұқсат етуді;

7) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, жоғары оқу орындарына, интернаттар мен жатақханаларды, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда «Ashyq» қосымшасы арқылы QR-код (check-in) бойынша тіркелу кезінде, оның ішінде басқа платформалар (мысалы, EGOV mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, сайт www.ashyq.kz платформасындағы аналог) арқылы педагогтардың, персоналдың, ата-аналардың (заңды өкілдерді), келушілердің, студенттердің кіруіне рұқсат ету;

8) асханалар мен буфеттерді қоса алғанда, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, жоғары оқу орындарына кіруге рұқсат етілмейді:

– респираторлық инфекция белгілері бар адамдарға (жөтел, мұрынның бітелуі, дене температурасы 37 градустан жоғары);

– QR-код бойынша тіркеу кезінде «сары» және «қызыл» мәртебесі бар адамдарға («Птр-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы» және «COVID-19 бақылау орталығы» ақпараттық жүйелерінде тіркелген, COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі бар, «инфекция жұқтырған» мәртебесі бар пациент ретінде немесе COVID-19-бен ауыратын пациентпен байланыс ретінде);

– COVID-19-ға қарсы вакцинациясы жоқ педагогтар мен персоналға (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда).

  1. Ақтөбе облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшыларына:

1) карантин енгізуге сараланған тәсілді  қамтамасыз ету:

– сыныпта (топта) COVID-19 ауруының 1 жағдайы тіркелген кезде –сынып (топ) 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулауға жатады;

– орта білім беру ұйымында 1 инкубациялық кезеңде бір ауысымның 30%-дан астам сыныптарында COVID-19 ауруының жағдайлары тіркелген кезде-ауысым 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулануға жатады;

– колледждерде, жоғары оқу орындарында 1 инкубациялық кезеңінде бір ағын топтарының 30%-дан астамында COVID-19 ауруы тіркелген кезде – ағын 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулануға жатады;

2) білім алушыларды қашықтықтан оқыту форматына ауыстыра отырып, орта білім беру ұйымдарына, колледжге, жоғары оқу орнына карантин енгізу мәселесі Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен келісу бойынша шешу;

3) оқу процесі басталар алдында барлық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге және жоғары оқу орындарына осы қаулыны орындау үшін жолдау;

4) Ақтөбе облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшылары білім беру ұйымдарының білім алушылары, педагогтары мен персоналы арасында COVID-19 ауруы жағдайы туралы уақтылы хабардар етуге (шұғыл хабарлама/ақпарат алған кезден бастап 24 сағат ішінде), сондай-ақ олардың арасында COVID-19 ауруымен ауыратындарға жақын қарым-қатынас жасайтын адамдарды анықтауға жауапты болады:

– осы білім беру ұйымына қызмет көрсететін медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымына;

– білім беру басқармасына;

– білім беру ұйымдарына.

  1. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, Ақтөбе облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшыларына, Ақтөбе облысының білім басқармасына, Ақтөбе облысының полиция департаментіне:

1) орта білім беру ұйымдарында, колледждерде және жоғары оқу орындарында карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылау. Бұзушылықтар анықталған кезде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолдану;

2) білім беру ұйымдарында COVID-19 ауруымен ауыратын білім алушылардың, педагогтардың және білім беру ұйымдары персоналының, сондай-ақ COVID-19 ауруымен ауыратындарға жақын қарым-қатынас қатарындағы адамдардың білім беру ұйымдарына кіруіне жол бермеу жөніндегі шараларды дереу (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінен ақпарат алғаннан кейін) қабылдау;

3) тәрбиеленушілер, білім алушылар, педагогтар және білім беру ұйымдарының персоналы арасында COVID-19 ауруы жағдайлары және байланыста болғандар туралы ақпарат алмасу үшін білім  беру басқармалары мен білім беру ұйымдарында жауапты адамдарды айқындау.

  1. Ақтөбе облысының санитариялық- карантиндік пункттері арқылы өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелеріне, Ақтөбе облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшыларына, Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысына:

1) Ақтөбе облысының аумағына шетелдік студенттерге:

– тұрғылықты елдің уәкілетті органы берген вакцинациялау анықтамасымен/паспортымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялау;

– алынған сәттен бастап 3 тәуліктен аспаған ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі бар болған жағдайда кіруіне рұқсат етсін.

  1. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жаппай хабардар етуді жүргізсін.
  2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                          Н. Беркімбаева

Басқа жаңалықтар

Back to top button