Жаңалықтар

Міндетті медициналық сақтандыру мәселелері талқыланды

«Облыс әкімі Оңдасын Оразалин​ «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»​ коммерциялық емес АҚ басқармасының төрағасы Болат Төкежановпен​ кездесті», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Тараптар өңірдегі міндетті медициналық​ сақтандыру жүйесінің жұмысын, пандемия кезінде​ жедел шараларды қабылдау мен​ медициналық ұйымдарды қаржыландырудың, тұрғындарды дәрілік заттармен қамтамасыз етудің​ өзекті мәселелерін​ талқылады.​
Сондай-ақ кездесу барысында​ «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»​ коммерциялық емес АҚ-ның Ақтөбедегі облыстық филиалының​ жаңа басшысы​ Алтай Оразмағамбетов​ таныстырылды.
Қазіргі таңда Ақтөбе облысытұрғындарының​ 87%-ы​ міндетті медициналық​ сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылады. Қалған​ 13%-ын тіркеу жұмыстары жалғасуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button