Ресми

Алғыс

Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықовқа

Құрметті Елеусін Наурызбайұлы!

Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және құқық тәртібі мен қоғамды қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты міндеттері болып табылатын құқық қорғау органдарының жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін материалдық-техникалық базаны нығайтудың маңызы зор.

Ақтөбе облысындағы прокуратура органдарының аталған мәселелеріне ерекше көңіл бөліп, Алға және Хромтау тәрізді өндірісті аудандарында прокуратураның жаңа ғимараттарын ашуда көрсеткен қолдауыңыз үшін Сізге шексіз алғысымды білдіремін.

Бұл игі іс Сіздің белсенді көмегіңіздің нәтижесінде жүзеге асып отыр. Қызметкерлер үшін жасалған жақсы жағдай алдағы уақытта прокуратура органдарының қадағалау қызметін жоғары деңгейге жеткізуге жол ашары сөзсіз.

Қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық тұрақталықты қамтамасыз етуге бағытталған Елбасының тапсырмаларын орындау жолындағы Сіздің қызметіңізге сәттілік тілеймін.

Халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру және өңірді дамытуға бағытталған абыройлы еңбегіңізде жетістіктерге жете беріңіз.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры                          Қайрат МӘМИ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button