Құқық

Түнде балаңыз үйде ме?

Ақтөбеде 10 ата-ана кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

27-31 шілде аралығында облыс аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Профилактикалық шараның мақсаты — жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болу фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктері мен темекі бұйымдарын сатуды болдырмау.

Жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық орындарында рейд ұйымдастырып жатыр. Жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні полиция бөліміне 81 кәмелетке толмаған бала жеткізілді.  Олардың барлығы заңды өкілсіз сағат 23.00-ден 6.00-ге дейін тұрғын үйден тыс жерде болған. Сондай-ақ 4 жеке кәсіпкер

21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь өнімдерін сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

22 жасөспірім және 13 қолайсыз отбасы полиция бөлімінің есебіне қойылды.

Айта кетейік, полицейлермен бірге рейдке «Жас сақшы» еріктілер тобы мен Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының мамандары да шықты.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button