Құқық

Бейнебақылау камераларының көмегі зор

Облыстық полиция департаменті жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының арқасында жыл басынан бері 112 қылмыстың ізі суымай ашылған.

Тәртіп сақшылары цифрлық технологиялар көмегімен жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды да анықтайды. Бейнебақылау камералары қаланың адам көп шоғырланған аудандарында ғана емес, шағын аудандардың аулаларында да орнатылған.

— Сандық технологиялар қылмыстың ашылуын айтарлықтай арттырады.

Қала бойынша барлығы 208 бейнебақылау камерасы іске қосылған. Олардың арқасында жол ережелерін бұзушыларды ғана емес, сонымен қатар автомобильдегі жалған нөмірді де байқауға болады. Жыл басынан бері  бейнебақылау камераларының көмегімен112 қылмыс пен 13 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, — делінген облыстық полиция департаменті жіберген хабарламада.

Мәселен, 23 шілде күні кешке полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен белгісіз ер адамның зорлық-зомбылық көрсетіп, электрондық темекіні ашық түрде тартып алғанын анықтады. Санаулы минуттарда оқиға орнына патрульдік полиция тобы жіберіліп, қаскүнем ұсталды.

Айта кетейік, полицияның жедел-қызметтік қызметі облыс аумағындағы көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыс жасауға қарсы іс-қимыл жасауға белсенді ықпал етеді.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button