Құқық

Екі қарттың «қалжыңы»

Ақтөбе қаласының тұрғыны көршісінің темір есігін ұрлап кеткен.

Темір есігінің қолды болғанын білген 86 жастағы зейнеткер №2 қалалық полиция бөліміне хабарласты.

Оқиға кешкілік 12 шағын ауданында болған. Жәбірленушінің айтуынша, үйдің жертөлесінде тұрған  темір есіктің құны 20 мың теңге тұрады. Жедел іздестіру барысында полиция қызметкерлері күдікті деп танылған 70 жастағы қарияны ұстады. Айғақтар дәлелденіп, ұрланған зат тәркіленді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button