Әкімдер сайлауы

ӘКІМДЕР САЙЛАУЫ: ОЙЫЛ ОЗЫП ТҰР

Облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Шыңғыс Нұржігіт 25 шілдедегі сағат 17.30-дағы жағдай бойынша облыста ауыл әкімдерін сайлауға 22 337 адам қатысып, дауыс бергенін жеткізді.
— Аумақтық сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 17.30-дағы жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 69,7 пайызы алды. Яғни 22 337 адам сайлауда дауыс берді. Қазір аудандар ішінде сайлаушылардың саны жағынан Ойыл ауданы (88,9 пайыз) алда тұр. Бұл ауданда 1973 тұрғын дауыс берген, — деді ол.
Оның айтуынша, бұл көрсеткіш бойынша 2-орында Қарғалы ауданы (84,2 %) болса, 3-орында — Шалқар ауданы (79,1%) .

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button