Әкімдер сайлауы

«ӨРЕСКЕЛ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ»

«ӨРЕСКЕЛ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ»

25 шілде сағат 17.00-дегі жағдай бойынша ауыл әкімдерін сайлауда облыстың 22 337 тұрғыны дауыс берген.
«Партиялық емес бақылау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Ерәділ Үббіниязов облыс бойынша 35 ауылдық округ әкімін сайлау 73 сайлау учаскесінде 480 бақылаушының көмегімен жоғары деңгейде өтіп жатқанын айтады.
— Дауыс беру барысында орын алуы мүмкін өрескел құқық бұзушылықтар болған жоқ. Жалпы, сайлау процесі штаттық режимде өтуде. Сайлау барысында халықтың жоғары белсенділігін байқап отырмыз.
Ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау азаматтардың өздерінің конституциялық құқықтарын толыққанды іске асырудағы белсенділігін арттыруға, халықтың билікке деген сенімін және әкімнің халық алдындағы есептілігін күшейтуге, ауыл әкімінің халықтың қажеттіліктері мен проблемаларын алдына қою жеделдігін арттыруға, сондай-ақ «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді, — дейді Үббіниязов.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button