Әкімдер сайлауы

САЙЛАУ: ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫ 1-ОРЫНҒА ШЫҚТЫ

Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Галина Имашева 25 шілдедегі сағат 15.30-дағы жағдай бойынша облыста ауыл әкімдерін сайлауда 19 725 адам дауыс бергенін айтып берді.
— Аумақтық сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 15.30-дағы жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 61,6 пайызы алды. Яғни 19 725 адам сайлауда дауыс берді. Қазір аудандар ішінде сайлаушылардың саны жағынан Қарғалы ауданы (78,6 пайыз) алда тұр, — деді ол.
Сондай-ақ бұл көрсеткіш бойынша 2-орында Шалқар ауданы (77,4 %) болса, 3-орында — Алға ауданы (69,7 %).

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button