Әкімдер сайлауы

ӘКІМДЕРДІ САЙЛАУ: ШАЛҚАР АУДАНЫ КӨШ БАСТАП ТҰР

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Галина Имашева және облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Шыңғыс Нұржігіт брифинг өткізіп, 25 шілдедегі сағат 11.30-дағы жағдай бойынша облыста 11 433 адам дауыс бергенін жеткізді.
— Аумақтық сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 11.30-дағы жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 35,7 пайызы алды. Яғни 11 433 адам сайлауда дауыс берді. Олардың ішінде сайлаушылардың саны жағынан қазір Шалқар ауданы (59,93 пайыз) алдыңғы орында тұр, — деді Ш.Нұржігіт.
Сонымен сайлау бюллетеньдерін алғандар саны жағынан аудандардағы көрсеткіш мынадай:
Шалқар — 59,93 %;
Әйтеке би — 36,92 %;
Алға — 30,37 %;
Байғанин — 25,08 %;
Ырғыз — 37,43 %;
Қарғалы — 44,73 %;
Мәртөк — 41,10 %;
Мұғалжар — 34,13 %;
Темір — 24,19 %,
Ойыл — 38,39 %,
Қобда — 35,61 %;
Хромтау — 41,99 %.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button