Жаңалықтар

Құрбан айтта мал базар жұмыс істемейді

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 16 шілдедегі жаңа қаулысына сәйкес 20-22 шілдеде Ақтөбе қаласындағы мал базар қызметіне тыйым салынды.

Осылайша биылғы Құрбан айт мерекесінде облыста мал сою орындары жұмыс істемейді. Құрбан шалу рәсімдері онлайн форматта жүзеге асырылады.

Сондай-ақ Ақтөбе қаласында және аудандарда айт мерекесіне орай көпшілік ас беру, отбасылық іс-шаралар өткізуге де тыйым салынды.

Айта кету керек, Ақтөбе облысы 9 шілдеден бастап қызыл аймақтағы өңірлер қатарына кірді. Бүгінде еліміз бойынша 10 облыс және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары қызыл аймақта.

Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button