Басты жаңалықтар

Қыстың қамы: мал азығы мол дайындалып жатыр

Қыстың он күніне татитын шыбынсыз шілдеде

 ешкім қарап отырған жоқ. Қолдағы төрт түліктің жайын күйттеген облыс тұрғындары қыстық мал азығын қамдап алып жатыр. Өткен жылғы қыстың ерте түсіп, аяғы ұзарып, сәуірге дейін сірескен қардың сызын мал баққан әр адам ұмытпаған болар. Нағыз науқанның кезінде әр аудан өзіне керекті мал азығын дайындап қана қоймай, сатуға да жинап отыр. Себебі қазір шөптің бизнесі бәрінен биік тұр. Жыл сайын қайталанған құрғақшылықтан шабындықтың нуы азайды. Алайда ауызды қу шөппен сүртіп отыратын кез емес. Тырбанғанға тырмаға ілігетін жерлер баршылық. Сонымен, облыстағы аудандардың мал азығын дайындаудағы қазіргі ахуалы қалай? Бұл науқанға жауапты ауылшаруашылығы саласының мамандарымен сөйлестік…

Ақтөбе облысына жауған екі күндік жаңбыр екі айлық жауынның орнын толтырып кетіпті. Ауарайын болжайтын мамандар сөйдейді. Бұл да көңілге медеу. Шабындық көтерілмегенімен, жайылымның қайта көктейтін түрі бар. Ал отты жерге жайылған мал қысқа күйлі түседі.

Бір күндік жауынның бір айлық ырысы болады. Облыс бойынша Қарғалы ауданына табиғат тамшысын көбірек төккен. Егінді өңірдің диқандары бөркін аспанға атып қуанды. Көктемде метрге дейін болғанымен,жаздай жаңбыр жаумағандықтан, жердің ылғалы  30 сантиметр-аққалыпты. Жуырда жауып өткен жауынның көлемі  70 миллиметрді құраған. Бұлдегеніміз — 1 шаршы метр жерге 70 литр су түсті деген сөз. Жердің астыңғы ылғалына дейін сіңген жаңбыр суы нағыз керек уақытында шаруалардың көңілін бір көтеріп тастады.

Қарғалы ауданында 112,5 мың тонна шөп дайындалуға тиіс болса, қазіргі таңда оның тең жартысы буылды.  Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Айсұлтан Кеңбейіловтің айтуынша, 42 мың гектар жерге мал азығының дақылдары егілген. Тұрғындардың 40 пайызы мал азығын аулаларына түсіріп алды. Қарғалы ауданында бір буманың құны 500-600 теңге болса, ораманың бір данасын 6-8 мыңға сатып аласыз.

Ауылдық округтері шөпті көбірек шабатын да, сататын да Хромтау ауданындамал азығы жеткілікті дайындалады.  Республикалық жолдың үстінде отырған Бөгетсай ауылы облыс орталығы мен өзге аудандарға шөп тасиды. Оған іргелес Тасөткел ауылдық округінің де жылдағы кәсібі — осы. Бұл екі ауылдың шөбін тұтынушылар Түркістан облысынан да келеді екен.

Өткен жылға қарағанда шөптің түсімі аз. Бірақ бізде шөп сатумен айналысатын бірнеше шаруа қожалықтары бар. Шөп өтпей қалмайды.Қопа ауылындағы «АкТеп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қысы-жазы малазығын қабылдайды. Бұл маусымдық жұмыста қарапайым жұмысшы 160-200 мың теңгегедейін табыс табады. Қазір округте бір бума шөптің бағасы 350-400 теңгеден болса, қаладағы мал базарында 800-900 теңге, — дейді Бөгетсай ауылдық округінің әкімі Махамбет Сүйіналин.

Облысымыздан Маңғыстау облысына шабындықжер беріліп, шаруа қожалықтары шөп дайындап жатыр. Бұған қарап, өзімізді мал азығымен қамти аламыз деген ойдамыз. Ырғыз ауданы Қызылордаоблысының көршілес Арал ауданына шабындық жерлер беріп, шөп тасуды ұйымдастырып жатыр. Демек, шалғай ауданның шабындығы таусылмаса керек. Жақында ғана Ырғыз ауданының Жайсаңбай, Тәуіп, Құмтоғай ауылдарының өрісін аралап қайтқан облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай ол жақтағы жайылым мен малдың күйі жақсы екенін айтты.

Ырғыз ауданы қысқа 195600 тонна шөп шабу керек  болса, бүгінгі күні 99191 тоннасы дайындалды. Шөп түсуге тиіс 2673 аула саны күн санап қысқарып келе жатыр.

— Биылбіздің ауданда шөп бар. Арал ауданы мен көрші Шалқар ауданына көмек беруге шаруа қожалықтары қолдау білдіріп отыр. Арал ауданының Қарақұм, Шижайжәне Сексеуіл ауылдарына шөп сатылып жатыр. Оған қоса олар шабындық жер сұрады. Босжатқан жерлерді қарастырып жатырмыз. Бірақ бірінші кезекте ауданның барлық ауылы мен ауласын шөппен толтырып алуымыз керек. Содан кейін барып көмек береміз, — дейді Ырғыз аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Ақалмас Тұртаев.

Ырғызда бума шөп — 500, орамасы 5000 теңгеден сатылып жатыр.

Малы да, жеріде көп Шалқар ауданы биыл қор жинауды жөн көріп отыр. Әрине, шабындық жерлері жоқ емес. Оның үстіне өрісі құмды, отты болғандықтан төрт түлігі қыста қолда көп тұрмайды. Өткен жылдан 57 тонна шөп артылған екен. Бірақ соған қарамастан, мал азығын артығымен дайындауға кіріскен. Себебі қыстайтын мал саны көп болғандықтан қысқа күнде қырық құбылатын қыстың күніне сеніп, тәуекел ете алмасы анық. Биылдың өзінде 293 мың тонна шөп дайындау көзделген. Оның 50 мың тоннасы ғана қыстақтарға, аулаларға тасылған.

Соғым мен сатылатын малды алып тастағанда 31 мың жылқы, 41 мың ірі қара, 120 мың қой-ешкі, 12500 түйе қыстатқалы отырған ауданның ауласы бос болмауы керек.

Биыл Бозой ауылдық округі шөпті сатып алуға мәжбүр. Қуаңшылықтың салдарынан бұл өңірде шөптің шығымы өте нашар. Сол себепті Байғанин ауданынанмал азығын дайындауға шабындықжер сұраған.

Қыста қар азтүсіп, көктемде жаңбыр жаумағасын, жайылымдық жеріміздің өзі тозып кетті. Малы көп шаруа қожалықтары өзге округтерден маусымдық жер алып, көшуге ниеттеніп отыр.  Жыл сайын округті мал азығымен қамтып отыратын «Ақжол», «Наурыз-М» шаруа қожалықтары еді. Қазір «Ақжол» шаруа қожалығы көрші Айшуақ ауылдық округінен жер алып, шөп дайындап жатыр. Ал «Наурыз-М» шаруа қожалығы Байғанин ауданынан 7 мың гектар жер алып, мал азығын дайындауға кірісті. Оның өзі аздық етіп, қосымша тағы 3,5 мың маусымдықжер алды. Осы екі ірі шаруашылықпен қатар Мөңкеби,Сарыбұлақ ауылдық округтерінен шөп келеді.Бізде шөптің бумасы — 600 теңге, орамасы 6000-7000 теңге тұрады, — дейді Бозой ауылдық округінің әкімі Жасұлан Жұбаназаров.

Аудан бойынша жылқысы көп Бозойда 11400 Қамбар ата тұқымы бар.

Өрісінде 4200 түйесі мен 9 мың ірі қарасы, 8 мың қойы бар округке биыл 30 мың тонна шөп керек.

Өткен қысы біраз әбігерге салып, шөпті екі есе бағасына сатып алуға тура келген ойылдықтар биыл бұл «қателікті» қайталамайтын сияқты. Сондықтан жыл жарымдық мал азығын дайындап жатыр. Оған ауданның мүмкіншілігі бар. Қысқа 220,7 мың тонна шөп дайындау керек болса, оның 57 мың тоннасы тасылып болған. Шөп қажет ететін 2198 ауланың 242-сіне шөп түскен. Ойыл өзенінің тасымауына байланысты шабындығы біраз азайғанымен шөпсіз қалмайды.Мамандардың  айтуынша, орташа шөптің түсімі  гектарына 2,8-3,0 центнер.

Шағын болса да қойы көп ауданның шаруасы мығым. Биыл134 мыңнан аса қой-ешкісін қыстатқалы отыр. Осының өзі ауданда Шопан атаның тұқымын көбейтіп, көбірек төл алатынын байқатады.  Жылқы саны — 15100, 42100 сиыры бар өңірдің өрісі ауданның өзіне молынан жетеді.

P.S. Малқыстату кезеңінің ұзақтығы — 180 күн. Облыс бойынша биылғы қысқа 568 633 ірі қара, 1 234 112 қой-ешкі, 190515 жылқы және 18848 түйе түседі. Бір сиыр 20 центнер, қой 3,6 центнер, жылқы 7 центнер, түйе 35 центнер шөп жейді. Облыстың төрт түлігіне барлығы 1 780787 тонна шөп қажет. Қазіргі таңда мал азығымен толтырылуға тиіс 37800 аула бар.

 Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button