Құқық

Заңсыз сауда жасағандар анықталды

Шілденің 5-12күндері аралығында Республика көлемінде «Заңсыз келуші-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты — облыс аумағында жүрген немесе тұрып жатқан шетелдіктерді тиісті құқық тәртібімен қамтамасыз етіп, заңсыз келгендерді анықтау.

Шара барысында Ойыл ауданында заңсыз сауда жасап жүрген 3 Өзбекстан азаматы тергеуге алынды.

Аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлері Өзбекстан азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзды деген айып тағып, екі тәулікке әкімшілік қамаққа алды.

Аудандық полиция бөлімі бастығының  бірінші орынбасары, полиция майоры Дархан Ғалымжановтың айтуынша, олар мата сатып жүрген. Құжаттарын тексере келгенде, жасап жүрген саудасы заңсыз екені белгілі болды.  Полиция қызметкерлері  құқықбұзушылықты анықтап қана қоймай, шетел азаматтарымен түсінік жұмыстарын жүргізді. Көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау керектігін ескертті.

Самат ЕСЕНҚҰЛ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button