Жаңалықтар

Сауда орталықтарында қосымша егу пункттері ашылды

Облыста індет жұқтыру дерегі көбейіп отыр. Алдыңғы аптада 510 жаңа жағдай тіркелсе, өткен аптада індет жұқтырғандар саны 133-ке көп. 

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен «Вакцинация мен КВИ бойынша ағымдағы жағдай туралы»  тікелей эфир барысында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев пен Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров айтты.   

Бүгінге дейін  облыста КВИ-мен ауырған 12777 жағдай тіркелді, оның ішінде 65,7%-ы ауру белгілерімен және 34,7%-ы симптомсыз жағдай, 11601 науқас жазылып шықты. Жалпы  тіркелген 12516 науқастың 1,6%-ы— сырттан келген, 16,6%-ы— ауру адаммен қарым-қатынаста болған, 81,6%-ы— жергілікті жағдай, оның ішінде 23,7%-ы— профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

11шілдеде бір тәулікте КВИ-мен ауырған 55 жағдай тіркелді, оның  ішінде ауру симптомдары бары – 37, симптомсызы – 18. Ақтөбе қаласы бойынша 43 жаңа жағдай, Алға ауданында — 4, Мәртөк пен Темір аудандарында — 2 жағдайдан, Шалқар ауданында — 3 және Мұғалжар ауданында 1 жағдай тіркеліп отыр. Індет жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған 112 адам анықталып, оқшауланды. Вирус анықталмаған пневмония жұқтырған 8 адам тіркелді. Оның ішінде Ақтөбеде —5, Алға, Мұғалжар, Қобда аудандарында бір жағдайдан тіркеліп отыр. Облыс бойынша инфекциялық аурудың 975 ошағы тіркелді. Оның ішінде 846-сы —  үй ошағы, 130-ы — ұйымдастырылған ұжымдарда, мұның  12 -сі — медициналық ұйымдарда. Қазіргі таңда үй карантиніне 2291 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде, — деді Мұхтар Сербаев.

Бекболат Ізбасаровтың айтуынша, қазір инфекциялық ауруханаларда 244 адам ем алып жатыр. Оның ішінде Ақтөбе қаласы бойынша 180 адам, аудандар бойынша 64 адам ем алып жатыр. Жансақтау бөлімінде 28 науқас жатыр.

— 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына, 15 науқас инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Карантиндік стационар бойынша 2 адам бақылауға алынды. Инфекциялық кереуеттер жүктемесі — 56 пайызға, реанимациялық кереуеттер жүктемесі 40,5  пайызға толық.

Ақпан айынан бастап облысқа344 мыңнан астам доза вакцина жеткізілді. Оның ішінде бірінші компонентпен 168267 мың адам, екінші компонентпен 95034 адам егілген.Бүгінде «Анвар», «Дина» гипермаркеттерінде, «Керуен Сити» ойын-сауық орталығында, «МегаШығыс» сауда үйінде, Орталық базарда  қосымша егу пункттері ашылған. Сол жерлерге барып, екпе алуға болады, — дедіБ.Ізбасаров.

 М.РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button