Жаңалықтар

70 мың гектардан астам жер өңделді

«Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен бейнебайланыс арқылы өткен жиында жерді шегірткеден қорғау мәселесі қаралды», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Өңірде шегірткеге қарсы аумақтар мен ауыл шаруашылығы жерлерін химиялық өңдеу мамыр айының соңында басталған болатын. Аумақтық инспекцияның мәліметтері бойынша агроөнеркәсіптік кешенде жоспарланған 70,39 мың гектар жердің 70,05 мың гектары бүгінде жер және әуе арқылы өңделген. Өңдеу, ең алдымен, Әйтеке би, Шалқар және Ырғыз аудандарында жүргізіледі.

Оңдасын Оразалин уәкілетті органдар мен аудан басшыларына шегірткенің көбеюі мүмкін ошақтарын анықтау жұмысын барынша күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар кездесу барысында COVID-19-ға қарсы екпе алу мәселелері де талқыланды. Коронавирустың алдын алу бойынша облыс аудандарында түсіндірме жұмыстарын күшейту тапсырылды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button