Спорт

Турнир көшбасшысы өзгерген тур

Премьер-Лига

27-28 маусымда, жексенбі-дүйсенбі күндері 18-турдың кездесулері өтті. Ең басты жаңалық, турнирдің көшбасшысы өзгерді.

*   *   *

«Астана» Петропавл қаласында «Қызылжар СК» командасынан ұтылып қалды. Ұтылғанда да, бұлардың алғашқы 9 минут ішінде қақпасына екі доп енгізіп алуы түсініксіз қателік болды. Сөйтіп, елордалықтар осымен қатарынан екінші рет жеңілістің ащы дәмін тартты.

Қостанайда «Тобыл» мен «Қайрат» тең ойнады. Бұл ретте «Қайраттың» ойыншысы Раде Дугаличтің өз қақпасына гол соғып алуы алаң иелеріне кәдімгідей көмек болды. «Тобыл» бір доп артықшылығымен көш басына шықты.

«Ордабасы» өз алаңында «Жетісуды» ірі есеппен жеңді. Екі допты қонақтар қақпасына Мирзад Механович енгізді.

«Ақжайық» өз алаңында «Таразды» ойсырата ұтты. Соңғы екі голды оралдықтар екі минут ішінде соқты.

«Каспий» соңғы кездері бұрынғы қарқынын әлсіретіп алып жүрген секілді. Олардың Ақтауға келген «Таразбен» тең ойнауы осының бір дәлеліндей.

«Атырау» өз алаңында «Қайсармен» тең ойнады.

*   *   *

Бұл турда «Ақтөбе» Қарағандыда «Шахтер» командасымен кездесті.

Кездесу, әрине, алма-кезек шабуылдармен басталды, екі жақтың футболшылары да бір-бірлерінің осал тұстарын аңдыды. Ойынның 20-минуты басталар шақта «Ақтөбе» шапшаң шабуыл ұйымдастырды. Соның нәтижесінде Юрий Перцух қақпаға қарата тура қауіпті соққы жасады, бірақ қарағандылық қақпашы Игорь Щацкий кері қайтарып үлгерді. Бұдан соң Әділхан Таңжарықов айып алаңына бұрыштамадан әуелете жақсы пас тастады, бірақ біздің жігіттер бұл мүмкіндікті де пайдалана алмады. Көп ұзамай допқа таласқан «Тобыл» футболшысы Геворг Наджарян «Ақтөбенің» айып алаңында кескен теректей сұлап түсті. Бірақ бас төреші Рустам Омаров бұның симулация екенін бірден ажыратып, ескерту қағазын көрсетті. Одан әрі Әділхан Таңжарықов және бір бұрыштама доп орындады, бірақ оны Артурас Жулпа қақпаға сәтті бағыттай алмады.

Осындай шабуылдармен бірінші тайм аяқталды.

Екінші таймда да шабуылдар бәсеңдеген жоқ. Тек өкініштісі, 67-минутта ақтөбеліктер өз бөлігіміздің алаңынан алыстату мақсатында допты бір-біріне ысырмалап жүргенде, аяқ астынан қонақтар қақшып әкетті де, дереу қақпаға қарай бағыттады, дәл қақпа алдында жүрген Жан Әли Пайруз ұшып жеткен допты аяғының ұшымен одан әрі демеп жіберді, көз ілікпес қимылға қарсы біздің қорғаушылар да, қақпашымыз да еш әрекет жасай алмай қалды, жібек тор бүлк ете қалды — 1:0.

Бұдан соң да шабуылдар жалғаса берді. Мысалы, бір қауіпті соққының бетін біздің қақпашымыз Сергей Ревякин шеберлікпен қайтарса, шабуылшыларымыз алаң иелері қақпасы алдындағы сәтті бір мүмкіндікті пайдалана алмай қалды.

Алма-кезек тайталастармен өткен ойын осылайша «Шахтердің» жеңісімен аяқталды.

«Шахтер»-«Ақтөбе» — 1:0

Гол авторы: Жан Али Пайруз, 67-минут (1:0).

Ескерту қағазы көрсетілгендер: Геворг Наджарян, 26-минут; Михаил Бакаев, 60-минут; Жан Әли Пайруз, 68-минут («Шахтер») — Рифат Нурмугамет, 86-минут («Ақтөбе»).

«Ақтөбе» төмендегі құрамда ойнады: Сергей Ревякин (қақпашы), Дінмұхамед Кашкен (Игорь Губанов, 86-минут), Юрий Логвиненко, капитан (Олег Чернышов, 76-минут), Михаил Йерабек, Әділхан Таңжарықов (Рифат Нурмугамет, 76-минут), Артурас Жулпа,​ Юрий Перцух (Боян Дубайич, 71-минут), Дидар Жалмұқан (Максим Самородов, 46-минут), Эрвейн Мукам, Максим Федин, Игорь Сергеев.

Бас бапкер — Вахид Масудов.

27 маусым 2021 жыл. Қарағанды қаласы, «Шахтер» стадионы. Көрерменсіз өткізілді.

Еске сала кетсек, бірінші айналымда, 19 сәуірде «Шахтерден» өз алаңымызда 0:3 есебімен ұтылғанбыз.

*   *   *

Біздің мергендеріміз:

Игорь Сергеев, шабуылшы — 7 доп;

Рифат Нурмугамет, жартылай қорғаушы — 3;

Боян Дубайич, шабуылшы — 3;

Дидар Жалмұқан, жартылай қорғаушы — 2;

Эрвейн Мукам, жартылай қорғаушы — 2 (1);

Максим Федин, жартылай қорғаушы — 2 (1);

Юрий Логвиненко, қорғаушы — 2;

Еркебұлан Нұрғалиев, жартылай қорғаушы — 1;

Михаил Йерабек, қорғаушы — 1;

Юрий Перцух, жартылай қорғаушы — 1.

(Жақшаның ішінде — пенальтиден соғылған доптар есебі).

Жерлестеріміз 18 кездесу өткізіп, 5 рет жеңді, 5 рет тең түсті, 8 рет ұтылды.  Ұпай саны — 20. Доп айырмашылығы — 24:29.

*   *   *

Басқа кездесулер:

«Тобыл»-«Қайрат» — 2:2

Гол авторлары: Артур Шушеначев, 23-минут (1:0), Руслан Валиуллин, 53-минут (1:1); Раде Дугалич, автогол, 66-минут (2:1); Вагнер Лав, 76-минут (2:2).

73-минутта ойын ережесін өрескел бұзғаны үшін Серікжан Мужиков алаңнан қуылды.

28 маусым 2021 жыл. Қостанай қаласы, Орталық стадион. 3500 адам.

«Атырау»-Қайсар» — 1:1

Гол авторлары: Петр Гжельчак, 3-минут (1:0); Думан Нарзилдаев, 74-минут (1:1).

28 маусым 2021 жыл. Атырау қаласы, «Мұнайшы» стадионы. 800 адам.

«Каспий»-«Тұран» — 0:0

28 маусым 2021 жыл. Ақтау қаласы, «Жас қанат» стадионы. 1000 адам.

«Ордабасы»-«Жетісу» — 3:0

Гол авторлары: Сергей Хижниченко, 13-минут (1:0); Мирзад Механович, 44-минут (2:0); Мирзад Механович, 67-минут (3:0).

27 маусым 2021 жыл. Шымкент қаласы, Қажымұқан атындағы стадион. 2000 адам.

«Ақжайық»-«Тараз — 3:0

Гол авторлары: Дмитрий Мичуренков, пенальти, 29-минут (1:0); Мирам Сапанов, 69-минут (2:0); Вячеслав Швырев, 71-минут (3:0).

28 маусым 2021 жыл. Орал қаласы, Атоян атындағы стадион. 1000 адам.

«Қызылжар СК»-«Астана» — 3:2

Гол авторлары: Максим Драченко, 3-минут (1:0); Юрий Бушман, 9-минут (2:0); Исламбек Қуат, 51-минут (2:1); Дарко Зорич, 68-минут (3:1); Абат Айымбетов, 85-минут (3:2).

27 маусым 2021 жыл. Петропавл қаласы, «Қарасай» стадионы. 1800 адам.

*   *   *

18-турдан соң командалар турнир кестесіне төмендегідей ретпен орналасты:

  1. «Тобыл» (Қостанай) — 39 ұпай;
  2. «Астана» (Нұр-Сұлтан) — 38 ұпай;
  3. «Қайрат» (Алматы) — 34 ұпай;
  4. «Ақжайық» (Орал) — 28 ұпай;
  5. «Ордабасы» (Шымкент) — 27 ұпай;
  6. «Қызылжар СК» (Петропавл) — 25 ұпай;
  7. «Атырау» (Атырау) — 25 ұпай;
  8. «Каспий» (Ақтау) — 24 ұпай;
  9. «Тараз» (Тараз) — 20 ұпай;

10.«Ақтөбе» (Ақтөбе) — 20 ұпай;

  1. «Шахтер» (Қарағанды) — 19 ұпай;
  2. «Тұран» (Түркістан) — 18 ұпай;
  3. «Қайсар» (Қызылорда) — 12 ұпай.
  4. «Жетісу» (Талдықорған) — 10 ұпай.

Сертификация жөніндегі комиссияның шешімімен «Жетісу» командасынан үш ұпай шегерілгенін еске саламыз. Сондай-ақ «Қызылжар СК» мен «Ордабасы» командалары әзірге 17 кездесуден өткізді.

*   *   *

19-тур кездесулері:

2 шілде, жұма

«Астана» — «Шахтер»

«Қайрат» — «Атырау»

«АҚТӨБЕ» — «АҚЖАЙЫҚ»

3 шілде, сенбі

«Жетісу» — «Қызылжар СК»

«Қайсар» — «Ордабасы»

«Тұран» — «Тобыл»

4 шілде, жексенбі

«Тараз» — «Каспий»

 Е.АҚАТҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button