Басты жаңалықтарЭкономика

Өндірісті өлкенің дамуы қалай?

Кенді өлке Хромтауда ірі жобалар жүзеге асырылып, үлкен жұмыстар қолға алынып жатыр. Қазір үш бірдей ауылының — Тассай, Тасөткел, Табанталдың жолы салынуда. «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында Көктау ауылында заман талабына сай спорт кешені еңсе көтеріп жатыр.

Облыстағы халқы газбен қамтылуы жөнінен алдыңғы лектегі ауданның бірі де осы — Хромтау. Қазіргі көрсеткіш — 97,9 пайыз, жоспар бойынша жыл аяғында ауданның көгілдір отынмен қамтылу көрсеткіші 98,9 пайызға жетпек. Ауызсумен қамтылу үлесі де жоғары (97,6 пайыз).

Облыс журналистері үшін аталғанауданға баспасөз туры ұйымдастырылған болатын. Алдымен «Агрофирма Тау» ЖШС-ның жұмысы таныстырылды. Бұл кәсіпорында тәулігіне 15  тонна өнім өндіріледі. Мұнда сүт өнімдерінің 20-дан астам түрі шығарылады. Зауытта негізінен жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылған.

Кәсіпорынның технологіРимма Навиулинаның айтуынша, өнімдерді облыспен бірге Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары да тұтынады.

Іргелі кәсіпорын

Бұдан кейін жұмыс тобы «Восход-Ориел» ЖШС-на барды. Оңғар ауылында орналасқан  «Восход» кәсіпорын тобы 2004 жылы қаңтарда құрылған. Кешен бірнеше нысанды қамтиды: жерасты кеніш-шахтасы («Восход-Oriel»ЖШС), байыту фабрикасы («Восход Хром» ЖШС), т.б.  «Восход-Трейдинг»ЖШС тауар өнімдерін өткізу мен тиеуді жүзеге асырады.

«Восход» кәсіпорындар тобының меншік иесі — «Yildirim Group» компаниясы — түрік өнеркәсіп тобы. «Yildirim Group» — бірнеше елдегі он түрлі саланы біріктіретін кәсіпорын. Аталған компания әлемдегі қатты ірі кесекті хром кенінің — танымал өндірушісі.

«Восход» кен орнындағы хром рудасы әлем бойынша сапасы жоғары болып танылған. Негізгіт ұтынушы — Ресей.

Кәсіпорында заман талабына сай тау кен-шахта жабдықтары бар. Сол себепті мұнда кен ең жаңа ұңғылау әдістері арқылы өндіріледі. Ал бұл еңбек өнімділігінің едәуір артуына сеп. Сондай-ақ кәсіпорында қол еңбегі айтарлықтай қысқарып, жерасты  жұмыстарыныңқауіпсіздігі жоғарылапты. Кен орынның күрделі тау кен-геологиялық шарттарын ескере отырып, Қазақстанда алғашқы рет химиялық реагенттер мен фибро талшықтарды қолданумен торкретбетонмен тау-кен қазбаларын бекіту қолданылған. Жер астында жұмыс жасайтын қызметкерлердің өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында, шахтада апат болған жағдайда, адамдардың тығылуына арналған ауамен жабдықталған арнайы камералар бар. Бұл да елімізде алғаш реет осы кәсіпорында жабдықталып отыр. Сонымен қатар мұнда жер астындағы әр шахтердің орналасқан жерін диспетчерлерге монитордан қадағалауға мүмкіндік беретін арнайы жүйе орнатылған.

Байыту фабрикасында кеніште өндірілген хром рудасы қайта өңделеді. Мұнда түрлі фракциялардың концентраты шығарылады. Осы өнімдер, жанама желілік минералдар мен төменгі сортты минералданған материалдарды жою мақсатында қолданылатын, гравитациялық айыру арқылы фабриканың үш түрлі циклінде жүргізіледі, — дейді тау-кенкәсіпорнының бас инженері Асылбек Құрманов.

Кәсіпорынның өнімдерін өткізу ферроқорытпа бағытындағы қазақстандық, ресей және қытай кәсіпорындарына жүзеге асырылады.

Серіктестік  ISO 9001,  ISO 14001, ISO 45001, ISO 17025 менеджмент жүйесінің біріктірілген моделдері бойынша сертификатталған, бұл «Восходқа» әлемдік нарықта хром концентратын сатуда бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ өз тұтынушыларының сенімділігіне ие болады.

2007 жылы «Восход-Oriel» ЖШС «Тау-кен саласындағы үздік жоба» халықаралық белгісімен марапатталды. 2010 жылы «Қазақстанның үздік салық төлеушісі» атағы берілді, 2014 жылы «Парыз» сыйлығымен, 2016 және 2017 жылдары өнеркәсіп кәсіпорындарының халықаралық бизнес-рейтингісінде «Восход-Oriel» ЖШС екі мәрте« Сала көшбасшысы» атағымен марапатталды.

Ірі кәсіпорын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында да үлкен жобаларды жүзеге асырып, аудан халқының игілігі үшін көп жұмыс жасады.

Бағдарламаның шарапаты

Көктау — өндірісті өңірдегі үлкен ауылдардың бірі. Мұнда 2 мыңнан астам адам тұрады. Ауыл ауданорталығынан 80 шақырым қашықтықта орналасқан.

Ауылдық округке қарасты 19 шаруа қожалығы, 13 дүкен, 31 жекекәсіпкер, 12 ЖШС бар.

Қазір мұнда «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында заман талабына сай ангар типтес спорт кешені салынып жатыр.  Жоба құны — 212 миллион теңге, — дейді ауылдық округ әкімі Бақытбек Усмаханов.

Спорт кешені 6 шілде  — Астана күні пайдалануға беріледі.

Тассай ауылына баратын жол жөнделуде.

Аталған елді мекен халықаралық маңызға ие Самара-Шымкент тасжолынан 29 шақырым қашықтықта орналасқан. Осы 29 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба құны — 799 миллион теңге. Жөндеу жұмыстары бұдан 3 жыл бұрын басталған болатын, құрылыс бүгін-ертең аяқталуға тиіс, — дейді аудан әкімінің орынбасары Сәндібек Жаконов.

Сондай-ақ Тасөткел жәнеТабантал ауылдарының да жолдарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Қаржы толық бөлінген.

Жұмыс және нәтиже

Баспасөз туры барысыда Хромтау ауданының әкімі Азамат Бекет өңірдің 5 айдағы даму көрсеткіші туралы брифинг өткізді.

Оның айтуынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көптеген көрсеткіштер бойынша өсім байқалады. Сонымен қатар жекелеген салаларда объективті себептер бойынша көрсеткіштер төмен.

Қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі — 177,1 миллиард теңге.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 71,1 миллиард теңге бағаланды.  Бұл былтырғы көрсеткіштен артық.  Құрылыс жұмыстары да қарқынды, жеке кәсіпорындардың қосқан үлесінің арқасында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,6 пайызға өсті. Есепті мерзім ішінде  9615 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Алайда өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда жеке тұрғын үй құрылысындағы жаңа құрылыстар санының азаюына байланысты көрсеткіш төмендеу болып тұр, — дейді Азамат Бекет.

Аудан халқының газбен қамтылуы — 97,9 пайыз. Орталықтандырылған ауызсумен қамту көрсеткіші — 97,6 пайыз.

— Тасөткел, Ақбұлақ ауылдарына және ауыл ішілік газ құбыры  салу ауыспалы жобасы бар. Дөң ауылында инженерлік желілер газ, су, электржелілері

Құрылысы салынады. Сөйтіп, жыл соңына қарай көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 98,9 пайызға жетеді, — дейді аудан басшысы.

Биыл Оңғар ауылына су құбырын салу, Никельтау ауылының су құбырын қайта қалпына келтіру және Қарлау, Көкпекті ауылдарына кешенді блок модуль орнату жоспарланып отыр. Соның арқасында жыл соңына ауызсумен қамту 98,6 пайыз болады.

 Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button