Басты жаңалықтарЭкономика

2021 жылдың соңына қарай Ақтөбе облысының экономикадағы шағын және орта бизнес үлесін  25%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ақтөбе облысының биылғы бес айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баспасөз мәслихаты өтті.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин шағын және орта бизнес саласының қазіргі жағдайын баяндады.

«Пандемияның кері әсеріне қарамастан біз шағын және орта бизнестің оң динамикасын сақтай алдық. ШОБ-тің экономикадағы үлесі бүгінде шамамен 24%-ды құрайды. Жұмыс істеп жатқан субъектілердің саны бес айдың қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда 63 мыңды құрап, 5,1% өсті»,- деді О.Оразалин.

Ол бизнеске қолдау көрсетіп жатқан мемлекеттік қолдауды ерекше атап өтті.

«Бүгінде ШОБ-тің 1200-ден аса жобасы мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы механизмдерімен қамтылған, бұл алдыңғы жылдың осындай кезеңіне қарағанда 8 есе көбірек. Соның ішінде, «Бизнестің жол картасы» аясында 1 024 жоба қолдау тапты, қаржыландыру көлемі биыл 7 млрд. теңгеден асады. «Қарапайым заттар экономикасы» аясында 12,7 млрд. теңге несиеге  14 жоба қолдау тапты. «Еңбек» бағдарламасы бойынша 1,2 млрд. теңгеге 227 жоба мақұлданды. Жыл соңына дейін 3,3 мың ШОБ субъектісін мемлекеттік қолдау шараларымен қамту жоспарланып отыр»,-деді спикер.

Бұған қоса, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен бизнес субъектілерін қосымша қолдау үшін, жеңілдетілген несие бағдарламасы аясында 35 млрд. теңгеге 150 жоба мақұлданды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button