ТЫНЫМБАЙ — 80

Тынымбай Қарин 1941 жылы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылында дүниеге келген.
1965 жылы Жамбыл технологиялық институтын бітірген, мамандығы— инженер-технолог. Еңбек жолын 1966 жылы Ақтөбедегі Одақтық астық қабылдау мекемесінен бастап, мамандығы бойынша жұмыс жолын үзбей Ақтөбе, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында астық өндіру саласында еңбек етіп келді.1980 жылдан бастап, зейнеттік демалысқа шыққанша Ақтөбе ауылшаруашылығы машиналарын жасау зауытында инженер болып абыройлы қызмет атқарды.
Өндірісте жұмыс істей жүріп,шығармашылықтан да қол үзбеді. 1978 жылы жас қаламгерлердің «Арман қанатында» жинағына «Ымырт» атты әңгімесі басылды. Сондай-ақ әңгімелері облыстық басылымда, республикалық әдеби газеттері де жарық көрді.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.«Өмір сыры», «Қанағат» әңгімелер жинақтарының, «Шырғалаң», «Ғасыр үні», «Ұлы сезім» романдарының авторы.
Оның бірқатар туындылары шет тілдерге аударылды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, Байғанин ауданының құрметті азаматы.



