Басты жаңалықтарЭкономика

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды жандандыру қажет

Сейсенбі күні бейнебайланыс арқылы өткен аппарат жиынында облыс әкімі Оңдасын Оразалин  жергілікті атқарушы орган басшыларына бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын тездетуді тапсырды. Оның айтуынша, облыстың кей аудандарында «Бизнестің жол картасы-2025», «Еңбек», «Жасыл ел» сынды бағдарламалардың жүзеге асырылуы қанағаттанарлықсыз деңгейде.

— Аудандарға шығып, осы бағытта қаншалықты тиімді жұмыс істеп жатқандарыңызды жеке тексеретін боламын. Егер оң нәтиже болмаса, шара қолданамыз, —  деп ескертті облыс әкімі аудан басшыларына.

Сондай-ақ өңір басшысы Ақтөбе қаласы мен Ырғыз, Мәртөк, Мұғалжар, Хромтау аудандарындағы елді мекендерді дамытудың бірқатар жобаларын жүзге асыруды тездетуді тапсырды. Мәселен, кейбір жол жөндеу, көппәтерлі үйлердің аулаларын жөндеу және жарықтандыру, спорттық және балалар алаңдарын орнату, саябақтарды абаттандыру секілді жұмыстар әлі аяқталмаған.

Бұдан өзге жиын барысында аудандарда денешынықтыру-сауықтыру кешендерін салу, COVID-19-ға қарсы екпе салу, өндірістік жарақат алудың алдын алу мәселелері қаралды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button