Ақтөбелік каратэші Олимпиадаға жолдама алды

11-13 маусым аралығында Франция астанасы Париж қаласында каратэден спортшыларды Олимпиадаға іріктеу турнирі өтті.
Турнир қорытындысы бойынша қазақстандықтар екі Олимпиаданың екі жолдамасына ие болды. Олардың бірі — ақтөбелік Нұрқанат Әжікенов.
Нұрқанат 75 кг салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетіп, финалда германиялық Ной Битшты жеңді.
Нұрқанат Әжікенов — №11 шығыс жекпе-жек түрлері бойынша облыстық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі, қазір де осы мектептің базасында жаттығады. Жаттықтырушысы — Тимур Шатаев.
Айта кетелік, Орынбай Майкеев басқаратын №11 спорт мектебінің түлектері осы спорт түрінен бұған дейін де көптеген жетістіктерге жетіп жүр. Мысалы, Андрей Ақтауов — бірнеше мәрте Азия чемпионатының, 2014 жылғы Азиада ойындарының жеңімпазы.
Каратэ — Олимпиада бағдарламасына жаңадан енгізілген екі спорт түрінің бірі. Бұл спорт түрінен қазақстандық спортшылар әзірге үш жолама алып отыр. Жолдамалар иегерлері — Дархан Асәділ, Нұрқанат Әжікенов және Мөлдір Жаңбырбай.
А.САРЫБАЙ.



