Жаңалықтар

16 адам індет жұқтырды

Соңғы тәулікте облыста коронавирус жұқтырған 16 адам тіркелді. Аурушаңдықтың өсу деңгейі — 0,1% .
Жалпы облыста індет басталғалы 11 424 адам ауырған. Оның 64,7 пайызында ауру белгілері байқалса, 35,3 пайызында симптомсыз өткен. Ақтөбе қаласында 8426 адам тіркелген. Аудандарда індет жұқтырғандар саны төмендегідей Әйтеке би — 62, Алға — 476, Байғанин — 111, Ырғыз — 77, Қобда — 157, Қарғалы — 153, Мәртөк — 328, Мұғалжар — 446, Темір — 384, Ойыл — 195, Хромтау — 403, Шалқар — 206.
Жалпы тіркелген 11 424 науқастың 1,7%-ы сырттан келген. Ал ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар саны — 1948. Профилактикалық мақсатта тексерілгендер саны — 2217.
Қазіргі таңда үй карантиніне 2389 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Ақтөбе облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button