Жаңалықтар

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Сессия

Кеше Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті сегізінші сессиясы өтті.

Оған Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров, Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Анар Даржанова, сондай-ақ қоғамдық кеңес мүшелері мен мәслихат депутаттары қатысты.

Сессияның күн тәртібінде «2021-2023 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Сондай-ақ 2020 жылғы Ақтөбе қаласы бюджетінің атқарылуы бойынша қала әкімдігінің есебі тыңдалып, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жүргізілетін іс-шаралары баяндалды.

Отырыста алдымен Ақтөбе қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Үрістемова «Ақтөбе қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу туралы» жобаны баяндап берді.

Оның айтуынша, 2021 жылғы 17 мамырдағы облыстық мәслихат сессиясының шешімімен Ақтөбе қаласына облыстық бюджеттен 7 376 713,0 мың теңге трансферт қарастырылған. Сондай-ақ бюджеттен 556 477,0 мың теңге трансфертке  азайту жүргізілген.

— Атап айтсақ, облыстық бюджеттен бұған дейін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген 43 477,0 мың теңгеге, тұрғын үй құрылысына бөлінген 3 000,0 мың теңгеге азайту жүргізілді. Сондай-ақ облыстық бюджеттен бұрын бөлінген 510 000,0 мың теңге қысқартылды. Алдағы уақытта бюджеттің кіріс бөлігін 1 294 699,6 мың теңгеге ұлғайту жолымен қалалық бюджетті нақтылау жүргізіледі. Оның ішінде «Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы» коды бойынша 794 699,6 мың теңге, «Әлеуметтiк салық» коды бойынша 500 000,0 мың теңге қарастырылып отыр. Тиісінше, қалалық бюджеттің шығыс бөлігі 1 294 699,6 мың теңгеге ұлғаяды, оның ішінде бюджеттік бағдарламалар бойынша Ақтөбе қаласы әкімінің аппаратына 102 189,8 мың теңге, Ақтөбе қаласын тиімді дамыту орталығына 42 492,8 мың теңге, Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімінің аппаратына 282 558,1 мың теңге, Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімінің аппаратына 378 573,0 мың теңге бөлінеді, — деді бөлім басшысы.

Бұдан кейін сессияда қала әкімдігінің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жүргізілетін іс-шаралары баяндалып, депутаттар тарапынан сұрақтар қойылды.

Отырыс соңында күн тәртібінде қаралған мәселелерге байланысты тиісті шешім қабылданды.

 Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button