Жаңалықтар

Медициналық ұйымдарға 163 миллион теңге айыппұл салынды

Биылғы жылдың1-тоқсанында ақтөбеліктерге көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша 30,1 мың заңбұзушылық анықталды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр. Биыл бірінші тоқсанда медициналық ұйымдарға салынған айыппұл көлемі —163 миллион теңге.

— Медициналық ұйым ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша қызмет көрсеткеннен кейін, қызметтің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізіледі. Ұйымға ақы осыдан кейін ғана төленеді. Клиникалық хаттамаларды сақтай отырып, құжатпен расталған қызметке ғана ақы төленетінін ескерген жөн, —деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»облыстық филиалының директоры Батырбек Нұрғалиев.

Оның айтуынша, кемшіліктердің басым бөлігі жан басына шаққандағы нормативтік талапқа келмейтін, яғни әрбір қызметке жеке төленетінконсультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетуге қатысты болып отыр. Жалпы құны 32 миллион теңге болатын 24мыңнанастамосындай кемшілік анықталған. Сондай-ақ, амбулаторлық-емханалық көмек көрсету кезінде құны 2 миллион теңге болатын 139 олқылық, тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда құны 102 миллион теңге  болатын 1338 заңбұзушылық анықталған.

Еске сала кетейік, тұрғындар шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе «Qoldau-24/7» мобильді қосымшасы арқылы хабарласу керек.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button