«Ақтөбе — құтты мекен»

Жағажайларды аттылар бақылайды

Шомылу маусымы кезінде су айдындарында демалу, қоғамдық орындарында құқықбұзушылықтардың алдын алу және жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында облыстың полиция қызметкерлері қауіпті су айдындарында рейд жұмыстарын жүргізеді.

Облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ардана Саймағамбетовтің айтуынша, рейд жұмыстарын атты полицейдлер жүргізеді. Оның тиімділігі сол —көлік жүре алмайтын жерлерге атпен кіру жеңіл. Атты полицейлердің негізгі міндеті — саяжай массивтері мен көшелерінде тәртіптің сақталуын бақылау.

Жыл басынан бері облыстың су айдындарында 6 адам суға батып кетті, оның үшеуі — бала. Осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жағажайларда атты полицейлер бақылау жүргізеді. Жергілікті көлдер мен өзендердің жанында 10-ға жуық патрульдеу маршруттары әзірленді, олардың 8-і атты полициясының бақылауында болады. Қазіргі уақытта 16 атты полицей жұмысқа жұмылдырылды, —  деді Ардана Саймағамбетов.

Атты полицейлер сағат 15.00-ден 22.00-ге дейін Қарғалы және Елек өзендерінің жағасында орналасқан жағажайлар мен саяжай алқаптарын қадағалайтын болады.

 Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button