Құқық

Жұмысшылар құқығы қорғалды

Прокуратура

Прокуратура органдары жыл басынан бері 29 мыңнан астам азаматтың конституциялық және еңбек құқықтарын қорғады.

Соның арқасында оларға жалпы көлемі 193 миллионнан астам теңге жалақы төленді.

Мысалы, Мұғалжар ауданы прокуратурасының тексеру жұмыстарының қорытындысында «Көктас» акционерлік қоғамында еңбек ететін 108 адамның жалпы көлемі  10 миллион теңге берешегі өтелді.

Сондай-ақ Ақтөбе қаласы Астана ауданының прокуратурасы «Aqtobe Su Energy Group» кәсіпорнының жұмысшыларына жалақы бойынша 184 миллионнан астам теңге берешегі бар екенін анықтады, — дейді облыстық прокуратура 3-басқармасының прокуроры Д.Ілиясов.

Оның айтуынша, қадағалау актілерінің нәтижесі бойынша жұмысшылардың құқықтары қорғалып, жалақылары төленді.

                                                 Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button