Жаңалықтар

Екі мыңнан астам полиция қызметкері екпе алды

1 наурыздан бастап елімізде полиция қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина ала бастады. Бүгінгі күні облыста екі мыңнан астам тәртіп сақшысы егілді. Бұл жеке құрамның тоқсан пайызын қамтиды.

Вакцинаның екі компонентін де алдым. Ешқандай кері әсері білінген жоқ. Денсаулығым қалыпты. Менен кейін отбасымдағы басқа мүшелер де екпе алды. Бірге жұмыс жасайтын әріптестерім де вакцинадан бас тартқан жоқ. Жалпы, тәртіп сақшылары екпені өз еріктерімен және белсенді түрде алып жатыр. Өздері жақындарына үлгі болып жүр, — деді  облыстық полиция департаменті кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Максимов.

Еске сала кетейік, қазір қаладағы ірі сауда орындары мен орталық стадион алдында жылжымалы кешен жұмыс жасап тұр. Екпе алғысы келетін кез келген тұрғын осы кешендерге баруына болады.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button